14 Қазан, 2011

Отандық тарихшылар заман ағымына ілесуі тиіс

1329 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
2011 жылғы 16 қыр­күйекте Астана қала­сын­да Қазақстан та­рих­шы­лары­ның І конгресі өтті. Отан тарихы ғылымын жетіл­ді­ру­дің өзекті мәсе­ле­лерін жан-жақты талқы­лауға жи­налған та­рих­шы­лар қауы­мының танымал өкілдері өз ой-пікірлерін ортаға салды. Әлемдік тәжірибеде тарих­шы­­лар конгресі немесе форумы заман талабына сәйкес бірде жиі, бірде сирек әрқалай шақырылып отырады. Кез келген мемлекетте тарих ғылымы – сол елдің мемлекеттік саясатына жақын сала­сы, сондықтан салыстырмалы түр­де бұл ғылымның маңызы зор. Дүние жүзінде тарихшылар конгресі алғаш рет ХХ ғасырдың басында Францияда (1900 жылы) болған. Біздің отандық ғалымдар 2010 жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясымен бірігіп, постке­ңес­тік кеңістікте тұңғыш рет ТМД елдері тарихшыларының ба­сын қосуға мұрындық болса, енді, міне, Қазақстан тарих­шы­лары­ның І конгресін өткізудің сәті елорда еншісіне тиді. Әрине, бұл мәселе отандық тарихшы­лар­дың баста­ма­сы­мен талай мәрте көтерілген. Конгресте қаралатын мәселелер ауқымы, оны шақыру уақыты мен өтетін орнын анық­тау, т.б. ұйым­дас­тыру жұмыс­тары бойынша тың идеялар берді. Нәтижесінде конгресті шақы­ру мәселесі Қазақ­стан Республи­ка­сы Президент Әкім­шілігі мен Білім және ғылым министрлігінің бірлескен оты­рыс­тарында егжей-тегжейлі талқыла­нып, оны Тәуелсіз­дігіміздің 20 жыл­дығы аясында Астана қала­сын­да өткізу нақтыланды. Бұл конгресті өткізуге Білім және ғылым министрлігі мұрын­дық болды. Конгресс жұмысына Қазақ­ста­нның түкпір-түкпірінен 400-ге жуық тарихшылар жиналды. «Елбасының бастамасымен 1995 жылы қабыл­данған «Қазақ­стан Республи­ка­сында тарихи са­наны қалып­тас­тырудың тұжы­рым­дамасы», 1998 жылдың «Ха­лық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы» жария­лануы, ал 2004 жы­лы «2004-2006 жылдарға ар­нал­ған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағ­дар­ла­ма­сының қабыл­да­нуы­ ту­ра­лы Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов ғылымды да­мыту­дың бүгінгі жай-күйіне кеңі­нен тоқ­талып өтті. Кеңестік дәуірде қалыптасқан қазақстандық тарих ғылымы коммунистік идеологияның ық­па­лы­мен бұрмаланып, қазақ та­рихы ақиқаттан алыс кеткені белгілі. Дегенмен, кеңестік тарих ғы­лы­мы Е.Бекмаханов, Г. Дахшлейгер, А.Нү­сіпбеков, К.Нұрпейіс, М.Қо­зы­баев, Х.Арғынбаев сияқ­ты кәсіби тарихшылар мектебін қа­лып­тас­тырды. Олар­ды пат­шалық және кеңес­тік жү­йеде бір­­жақты жазыл­ған қазақ тарихы қы­зық­тырды. Ұс­та­ны­мы­на берік тарих­шылар Ке­не­сары Қасым­ұлы, Әли­хан Бө­кей­ханов, Ахмет Бай­­тұр­сын­ұлы, Мір­­жа­қып Ду­­лат­ұлы, Мұс­та­фа Шо­қай мен Халел Дос­мұ­хамед­ұлы бастаған қазақ ұлт-азаттық қозға­лы­сын, басқа­ша айтқанда, ел­дік пен ерлік та­ри­хын жазуға тырыс­ты. Сөй­тіп, кеңестік дәуірде-ақ ұлт-азат­тық қоз­ғалы­сы­ның отар­­шыл­дық си­па­ты­ ту­ралы концеп­туал­ды тұ­жы­рым­дар жасады. Ты­йым са­лынған та­қы­рыптар бойын­ша тарихи деректерді үзік-үзік болса да, ғы­лыми ай­налымға енгізе біл­ді. Осылай­ша, қазақ хал­қы­ның тарихи сана­сына сілкіністер әкелді. Тәуелсіздік жылдарында көне дәуірден бүгінге дейінгі оқиға­лар­ды жаңаша көзқарас тұрғы­сы­нан зерттеуде ілгерілеушілік байқалады. Оған Елбасы Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаевтың бас­та­масымен 1997 жылдан бас­тал­ған «саяси қуғын-сүргін құр­бан­дарын еске алу», 1998 жылы «Халықтар бірлігі мен ұлттық та­рих» жыл атаулары, «Тарих тол­­қы­нында», т.б. еңбектерінің шы­ғуы, Абылай хан мен Бөгенбай ба­тыр, Абай мен Жамбыл, М.Әуезов пен Қ.Сәтбаев мерейтойлары, Түркі­стан қаласы­ның 1500 жыл­ды­ғын ЮНЕСКО деңгейінде атап өту, тарихи фильмдер көрсетілімі және «Бабалар сөзін» қай­та жаң­ғыртқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағ­дар­лама­сының қабыл­дануы дәлел. Мұның бәрі – та­рих­ты әр қырынан жаза­тын зия­лы қауым өкіл­де­рі­не үлкен ша­быт пен көтеріңкі кө­ңіл-күй бергені рас. Қазақ тарихының қай кезеңін алсақ та, оны жергілікті ұлт пен мемлекет анық­таған. «Мәдени мұра» мем­лекеттік бағдарла­ма­сы­на орай өткен Ұлттық ке­ңесте Нұрсұл­тан Назарбаев нақ­ты көрсеткендей: «Тіл­дегі, әдебиет­тегі, ғы­лымдағы шек­теулердің бә­­рі алы­нып, еркін ойлау мен шын­­дықты жазуға мол мүм­кін­діктер берілгеніне қа­ра­мас­тан, та­рихшыларымыз сол ата та­ри­хының «ақтаңдақтарын» ашу­­ға кел­генде әлі күнге дейін шабан­дық танытып отырғаны» жа­сы­рын емес. Мә­се­леге осы тұрғы­дан келгенде, Қазақ­стан тарих­шы­лары­ның І конгресін өткізу өте маңызды. Конгресте негізгі 3 мә­селе: Отан та­рихы мето­до­ло­гиясы; дәуір­­­леу пробле­масы; тарих­ты оқыту мен зерттеу төңірегінде әңгіме­лер қоз­ғалды. Қазіргі кезде ғылыми ай­на­лымға түскен зерттеулер са­ны­ның еселенгені сонша, қағаз бетіне түсіруге мүмкін­дік­тері­міз уақытша шектеліп отыр. Бұл міндетті шешу үшін тарихты желілік жү­йемен зерттеуге үлкен мән беріп, оның дерекна­малық негіздерін жасаған жөн. Ол үшін иннова­ция­лық тех­но­логияны жетік меңгер­ген, бірнеше тілдерді білетін, ғы­лым­ға бейім кадрларды дайын­дау міндеті тағы бар. Жалпы, қазақ тарихын жергілікті халық өкіл­дері­нен артық зерттеушілер бол­май­ды. Бұны кеңестік билік за­манында Отан тарихын жазу тә­жі­рибесі көрсетіп отыр. Қазір отан­дық ғалымдардың ал­дын­да қол­да­ныс аясына енген та­ри­хи-мәдени мұра­ларды кешенді түр­де зерттеп-сараптау міндеті тұр. Ресми деректер бойынша «Ше­телдерден қазақ тари­хына қа­тысты 5000-ға жуық көшір­мелер әкелінген екен». Мемлекет тара­пы­нан бөлін­ген қыруар қаржы­ға са­тып алынған осы құ­жат­тарды сол қалпында, «өлі кү­йін­де» қал­дырсақ, елдігімізге сын болмақ. Тәуелсіздік жылдары отандық тарихнамада ізденістер мен зерт­теу­лер мазмұны түбегейлі өзгер­ді. Осы­лайша, мемлекет саясаты ел­дің негізі болған қазақ халқы­ның тарихы мен билік дәстүрін сақта­ған мемлекеттілік тарихын жазуға зор мүмкіндіктер ашты. Осы жыл­дар ішінде елімізде Қазақстан та­рихшылары қауым­дас­тығы, Кәсі­би тарихшылар және қоғамтану­шылар лигасы т.б. құрылды. Отан тарихына қатысты шетелдермен ғылыми байланыстар орнатылды. Іргелі және қолданбалы жобалар бар. Бірақ, әлемдік тәжірибеде жұ­мыс істейтін Тарихшылардың ұлт­тық комитеттері Тарих ғылым­дары­ның халықаралық комитетімен тікелей жұмыс жасайды. Әлем тарихшыларымен бірлікте, ынты­мақтаса жұмыс істеу үшін бізге мемлекеттік маңызы бар, Отан тарихының барлық саласын қам­титын тарихшылар одағын немесе қоғамын құру қажет. Осы мә­селе төңірегінде баспасөз беттерінде әртүрлі деңгейдегі ой-пікірлер мен көзқарастар көрініс берсе, нұр үстіне нұр болар еді. Қазақстан тарихшыларының І конгресінде тарих білімі мен ғы­лы­мы жүйесінде қордаланған про­блемалардың негізгілері анық­­та­лып, мақсат-міндеттер айқын­дал­ды деуге болады. «Жұмыла кіріскен жүк жеңіл» демекші, т­а­рих­шы­лар қауымы Отан тарихын жазу­ға ын­ты­мақтастықта күш біріктіру қажет. Айталық, Қазақ­стан­ның мем­лекет ретінде қа­лып­тасу та­ри­хында әлі де зерттеушісін күткен тақырыптар бар. Мысалы, Қа­зақ­­стан Республи­ка­сының ше­ка­расын белгілеу мәсе­лесі, Қарулы күштер та­ри­хы, орал­ман­дар мәсе­ле­сі, эко­но­мика тарихы, құқық ор­ган­дары­ның қалыптасуы, т.б. Сөз соңында, Отан тарихының соңғы та­рауы саналатын – Тәуелсіз Қа­зақ­­стан тарихына байланысты мы­на­дай ұсыныc-пікірлер білдіреміз: Бірінші, Тәуелсіз Қазақстан тарихын – «Қазақстанның қазіргі тарихы» атауымен өзгертіп, білім және ғылым жүйесіне міндетті пән ретінде енгізу; екінші, «Отан та­рихы методологиясы», «Қазақ­стан­ның қазіргі заман тарихы» пәндері бойынша арнаулы оқу­лық­тар дайындау; үшінші, «Мә­де­ни мұра» бағдарламасы аясын­да ай­на­лымға түскен тарихи мұра­лар­ды оқулықтарға енгізу; төртін­ші, Тәуел­сіз Қазақстанның эконо­ми­касы, саяси, әлеуметтік өмірі, діні мен мәдениеті және тұлға­тану­дан көптомдық кітаптар да­йын­дау; бесінші, Тәуелсіз Қазақ­стан тарихын зерттеудің ұзақ мерзімге арналған перспек­тивалық жоспарын жасап, бекіту; алтын­шы, Қазақстан ай­мақ­та­ры­ның жа­ңа тарихын (өлке­тану) зерттеу, облыстық мемлекеттік мұ­рағат материалдарын иге­ру; жетінші, Қазақстан тарих­шы­­лары­ның Конгресін 2 жылда бір рет шақыру. Кеңес дәуірінде Қазақ елінің тарихына қатысты мұрағат қор­лары жабық болды, іштегі ой­ды сыртқа шығара алмайтын күй­де едік. Ал, қазіргі кезде жағдай мүл­­дем бас­қа­ша. Төл тари­хы­мызды жазуға мемлекет тара­пы­нан қолдау көрсетіліп, қажетті қар­­жы көздері қарасты­ры­лып отыр. Оған білім және ғылым жү­йесіндегі соңғы жаңалықтар «Ғы­лым туралы» заң мен «Ғы­лыми қазына» бағдар­ла­ма­­сының қабыл­дануы айқын дә­лел. Бұл құжат­тар­дың заңдық негізделуі – отандық ға­лымдардың шығарма­шылық, зерттеу жұмыс­тары­мен айналысуына зор мүм­­кін­діктер жасап отыр деген сөз. Бүркітбай АЯҒАН, Мемлекет тарихы инс­титутының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор.