Қазақстан • 14 Тамыз, 2017

Қазақ – қашанда қазақ!

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ – қашанда қазақ!

Баласы бұл қазақтың бозаңда өскен,
Қасында киіз үйдің көгал кешкен.
Итарбасын итеріп жететұғын
Ит арқасы қиянға ұлан көшпен.

Тәй-тәйлап әр қадамын санап басқан,
Кішкене кезінен-ақ қанаттасқан.
«Жығылса жер көтерер» деген қазақ
Табанын қара жерге қадап басқан.

Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»

Жобаның жүргізушісі

Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»