
Онда Нобель сыйлығының лауреаты Мохан Мунасин, Таза энергия жөніндегі Америка-Қытай серіктестігі ұйымының төрайымы Пегги Лю секілді танымал тұлғалар пікір алмасып, қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешу және тұрақты энергетиканы дамыту үшін жаңа экономикалық әрі саяси серіктестік қарым-қатынастар қажеттігін әңгімеледі.
Жиында Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Наталья Пан сөз сөйлеп, 2015 жылдан бастап «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы аясында 2 593 технология патенттелгенін жеткізді. Олардың жартысынан көбі табиғатты қорғауға бағытталса, 45 пайызы қатты минералды бөлшектерге қатысты. «Бүгінгі таңда экожүйені сақтамай, экономиканы дамыту мүмкін емес. Еліміз жаңғырмалы энергия көздеріне көшу мен энергетикалық процестерде энергияның жұмсалуын қысқартуға барынша күш салады. Осы орайда 2013 жылы «жасыл» экономикаға көшу концепциясын қабылдадық. Бұл құжат Экономиканы үшінші жаңғырту мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асып отыр», деді Наталья Пан.
Қазіргі таңда әлемде газды қоса алғанда дәстүрлі энергия көздерін тұтыну көлемі азайып келеді. Есесіне жаңғырмалы энергия көздерін қолдану көлемі арту үстінде. Осы саланы дамытуға және инновациялық жаңалықтар енгізу үшін Қазақстан кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»