Қазақстан • 31 Тамыз, 2017

Қостанайда жаңа егіннің астығын ұрлағандар ұзамады

47 реткөрсетілді

Астық алқаптарынан жаңа егіннің астығын ұрлағандар қолға түсті. Ұрлық бірнеше аудандардағы шаруашылықтарда орын алған.

Полиция қызметкерлері қырағылық танытып,  Қамысты, Қарабалық, Науырзым аудандарында барлығы ұрланған 57 тонна астықты шаруашылықтарға қайтарды.

Науырзым ауданындағы бір шаруашылықта  27 жастағы механизатор мен 42 жастағы күзетші алдын ала келісіп, 35 тонна бидайды жымқырған. Оның құны 2 миллион теңгеден асады. Полицейлер жұмысының арқасында ұрланған бидай шаруашылық иесіне қайтарылды.

Қамысты ауданында рейд кезінде полицейлер тіркемесі бар «КамАЗ» машинасын тоқтатты. 34 жасар жүргізушінің 18 тонна астықты ұрлап бара жатқаны белгілі болды. Бидайдың құны 900 мың теңгеге бағаланды. Полицейлер бидайды шаруашылықтағы төрт механизатордың алдын ала келісіп ұрлағанын анықтады.  Ұрланған астық иесіне қайтарылды, енді  ҚР ҚК 2- бөлімі , 188-бабы бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұндай ұрлық Қарабалық ауданында да орын алды.  Аудандағы Белоглинов селосының  21 жасар тұрғыны комбаиннан  бидайдың элиталық сортын ұрлаған. Бидайдың бұл сортының тоннасы 90 мың теңге тұрады. Ұры 4 тонна бидайды жымқырған. Ұрлықты полицейлер   түскен арыз бойынша ашты. Қазір алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр.

Нәзира ЖӘРЕМБЕТ,

«Егемен Қазқстан»

ҚОСТАНАЙ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Кеше

Қаламның қарагері

Руханият • Кеше

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар