Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2017

«Нұрлы жер» бағдарламасы туралы онлайн-кеңес алуға болады

591 реткөрсетілді

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы туралы ақпараттар базасы жинақталатын «Баспана.kz» порталы жыл соңына дейін іске қосылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары осы портал арқылы қалаған пәтерді таңдап, сатып алу ісін онлайн атқара алады. ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Сандық павильонда өткен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі-онлайн» шарасында аталған банктің басқарама төрайымы Ләззат Ибрагимова банктің оңтайландырылған жаңа қызметтері туралы айтып берді.

«Баспана.kz» жылжымайтын мүлік порталы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасымен салынып жатқан барлық нысан туралы мәліметтер жинақталатын базаға айналмақ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұтынушылары аталған мемлекеттік бағдарламаның шарттары мен тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы туралы толық мәліметтерді әзірге видео байланыс арқылы біле алады. Видео банкинг жүйесі тест түрінде Алматы мен Орал қалаларының тұрғындары арасында іске асырылуда. 2018 жылдан бастап жаңа сервистің бұл түрі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің барлық бөлімшелерінде іске қосылмақ.

– Цифрлық технологияны іске асыруға ден қойып жатырмыз. Бүгінде 70 мың тұтынушы мобилді интернет банкинг жүйесін тұрақты қолданады.  Ал іске қосылып отырған видеобанкинг қызметі ең алдымен уақыт үнемдеуге көмектеседі, – деген «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қашықтан қызмет алудың өзге де түрлерін атап өтті.

Оның айтуынша, онлайн режимде банк тұтынушылары жинақтар мен есептелген сыйақы сомасын біле алады. Депозит толықтырып, кез келген банктің картасымен комиссиясыз несие өтеуге де болады. Сондай-ақ, банк бөлімшелерінен кезекке тұрып, пулға қатысу үшін өтініш беру қарастырылған. Осы қосымшаның арқасында 47 мың салымшы мемлекеттік бағдарламаларға қашықтан қатыса алады.

Динара Сәдуақасова

Шара барысында қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова банктен депозит ашып, жаңа шоттың иесі атанды. «Біріншіден, осындай тамаша шараға шақырту алғаныма алғыс айтамын. Банктің қызметтерімен көптен таныспын, ойлана келе депозит ашуды жөн санадым. Тұтынушыларға оңтайлы қызмет ұсынып отырған банк қызметіне табыс тілеймін», деді ол.

Еске сала кетсек, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы бойынша пәтер сатып алу үшін кезекке тұрғандар мен тұрғындардың өзге де санатына бірнеше талаптар қойылған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының азаматы, я оралман статусының болуы, сондай-ақ қатысушы Астана мен Алматы қалаларынан баспана алуға үмітті болса, осы соңғы қалаларда соңғы екі жылда тіркелген болуы керек. Өтініште көрсетілген отбасы мүшелерінде Қазақстан аумағында меншіктік құқында немесе сатып алу құқымен жалға берілген баспана болмауы, Елдің барлық аумағы бойынша соңғы бес жылда қатысушының өзі мен отбасының өзге мүшелерінде меншіктік құқықтағы баспаналық жағдайын ауыстыру немесе иеліктен шығару арқылы әдейі нашарлату фактілері болмауы қажет.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Күлкі керуені № 20

Руханият • Бүгін, 12:38

Тәулігіне 15-16 тонна сүт алынады

Аймақтар • Бүгін, 09:20

Халің қалай, Қостанай?

Аймақтар • Бүгін, 08:34

Субсидияның жаңа талаптары

Экономика • Бүгін, 08:29

«Йокериттен» жеңілді

Хоккей • Бүгін, 08:15

Қазақстан төртінші топта

Футбол • Бүгін, 08:13

Педагогтерге пайдалы шара

Руханият • Бүгін, 08:09

Адалдық ешкімді алдамайды

Қоғам • Бүгін, 08:06

Мешітті салғанымен, қарамайды

Аймақтар • Бүгін, 07:57

Қолдау жұмыстары жалғасады

Қоғам • Бүгін, 07:54

Онлайн-оқырман

Технология • Бүгін, 07:52

Су басу қаупі жоқ

Қоғам • Бүгін, 07:40

Баспаналы болып, бақытқа бөленді

Бағдарламалар • Бүгін, 07:32

Әбіштанудың әз әліпбиі

Руханият • Бүгін, 07:20

Ажырамас дүниенің адамы...

Руханият • Бүгін, 07:17

Ұқсас жаңалықтар