Өтінемін, тіліме тіл тигізбеңіз!

Троллейбуста келеміз. Құрта­қан­дай қыздың тілі балдай тәтті шығыпты, әжесі екеуі орысша «сөй­лесіп» отырды. Баланың қылы­ғын қызықтап жақын тұрған жас жұп ерлі-зайыпты екен, кенет жігі­ті сәл илігіп: «Апай, келін­шегі­м­нің аяғы ауыр еді. Немереңізді ал­дыңызға алып, орын бересіз бе?» де­ді қысыла үн қатып. Апамыз мо­й­нын да бұрмастан «Ну и что... у нее тоже ноги болят» деп немересінің басынан сипап, міз бақпай еміреніп отыра берді. 

Егемен Қазақстан
11.09.2017 1013

Бүгінгі бағанда ой айтуға шынында да, не күлеріңді, не жыларыңды білмейтін халге душар еткен осы оқиға түрткі берді. Қазақша сөйлеу өз алдына, қоғамда қазақша сөздің төркінін түсінуден қалғанымыз жанға жаман батады екен. Олай демейін десең, «жаһанға жар салған» күні кешегі «курлы-мурлы» оқиғасы анау! Бір тәуірі, қазақ тілін қорлауға бұрынғыдай «айта берсінмен» шектелмейтін дәрежеге жетіп қалыппыз. Ресейлік КВН-­дағы «Камызяк» командасының капитаны Азамат Мұсағалиев «курлы-мурлы» деп орыстар айтатындай тырнаның тілінде «қазақша» сөйлегені үшін оңбай таяқ жеді. Азамат тудырған даудан Ресейдегі ең танымал «МузТВ»-ның бас директоры Арман Дәулетияров пен алматылық белгілі кинорежиссер-актер Нұртас Адамбайға дейін шет қалмады. Азаматтың қателігін бетіне басты. Еліміздің Мәдениет және спорт министрі қандасымызды мақтай отырып, мақтамен бауыздады, оңбай сүрінгенін ескертті. «Қазақ тіліне тиіспе, білмесең қорлама!» деген халықтық мінез бұрыннан да бар, бірақ, исі қазақтың осы жолғы өре түрегелуі өзгеше еді...

Сіз білесіз бе, қазір қазақ тілі үшін қазақтар ғана емес өзге ұлт өкілдері, шетелдіктер де жанын салып күресуге әзір. Өткендегі түрік журналисінің «Эйр Астана» ұшағында бортсерік қызға қазақша ескерту жасағаны соның айғағы. Алайда, қарындасымыздың қызарып кешірім сұрау орнына, нұсқау парақшасын әкеліп, «біз тек орыс және ағылшын тілінде сөйлейміз» деп, қонағымыздың мұрнына тақап тұрып, айбат шегуі көп жайтты аңғартты. Нұсқауда солай-ақ жазылсын, бірақ, сенің жеті атаң тұтынған тілде бір ауыз үн қатқан шетелдік не үшін жазықты?! Бейбастақтық жасап, қызметтік этикет ережесін бұзған бортсерік «Эйр Астананың» қазақтың компания­сы екенін, оның қызметі үшін күллі Қазақстан халқы маңдай терін сылып салық төлеп отырғанын ұқпады. Оның бер жағында Тәуелсіздік арайында туған қарындасымыз орыс тілінен сондайлық қорғаныш тілеп тұрды! Қорғаушысына сенімді де еді. Неге? Өйткені, осы тектес оқиғалар елімізде сирек те болса бой көрсетуде әрі бір-біріне себепші, ықпал етуде. 
Қазақстан Ұлттық банкінің төраға­сы Данияр Ақышев өткен жылы 1 мау­сымда 1 жылдан соң міндетті түрде қазақша сұхбат беретінін жария етті. Бас банкирдің қабілетіне шүбә жоқ, бірақ әлемдік БАҚ өкілдерінің алдында бұлай кесімді сөзді өзіне өте сенімді не сырғытпа жауапқа үйренген адам ғана айтатыны хақ. Енді бір әртіс бауырымыз Әнуар Нұрпейісов ғаламторды шарлаған бейнероликте «Мен қай тілде сөйлесем де өз еркім. Біз адам құқығы демократиялық негізде қорғалатын зайырлы мемлекетте өмір сүреміз» деп кеудесін ұрды. Орыстілділер «Ануар Нурпеисов сделал вид, что у него не получается произнести на казахском языке слово «құқық» (право)» деп отқа май құйды. Мұндай «қолдауға» масаттанған біліктіміз «Мне кажется, слово «құқық» – это результат заговора мирового правительства. Не можешь выговорить – не можешь и по­требовать» деп іштегі бар жынын төкті де салды. Иә, актер сөз жоқ өз құқығын жақсы біледі! Бірақ, ол туралы ел Конституциясының 1-бө­лі­мінің 1-бабында тайға таңба басқандай: «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құ­қық­­тық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылғанын білмейді. Яғни, өзін оқытып, алаңсыз өсіріп, аялап тәр­биелеп, қақ-соқтан қорғап, қызметке қол жеткізген Отаны сыйлаған құқығын білмейді. Сөйтті де, өзін қоғамда қорғап отырған заң актілеріне ойланбай тіл тигізді... 

Атыраулық замандасым, кәсіби дәрігер Өмірзақ Зинуллиннің аузы­нан Азаматтың кәдімгі Астрахань (Ресей) жеріндегі ежелгі Құмөзектен (қазір – Камызяк!) екенін білдім. Аза­мат есті жігіт екен, өрескел қылығы үшін қазақтардан, Қазақстаннан ғалам­тор арқылы кешірім сұрады! Ана тілі­міздің жанашырсыз еместігі осы­лай­­ша салтанат құрды. Қазір қазақ тілі өткен ғасырдың 90-шы жыл­­да­рындай қауқарсыз да емес. Өзі­не «тиіскендерді» кешіруге бейіл. Дей­ тұрғанмен... бауырлар, тілге тіл тигіз­беңіздерші! 

Талғат Сүйінбай,

"Егемен Қазақстан"

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.07.2018

Баянауылда Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығы аталып өтті

19.07.2018

Ауғанстан компаниялары қазақстандық ұн, макарон өнімдеріне қызығушылық танытып отыр

19.07.2018

Қазақстандық грек-рим шеберлері Нью-Делиде жеті жүлде алды

19.07.2018

Волейболдан Азияның клубтық чемпионаты аяқталды

19.07.2018

Биыл Сыр өңірінде он инвестициялық жоба іске асады

19.07.2018

Маңғыстауда экологтарға жемқорлықты болдырмау жайлы айтылды

19.07.2018

Мұнай саласының ардагері Есет Әзербаевқа мүсін қойылды

19.07.2018

ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды 

19.07.2018

Зейнолла Самашев: Кезінде Алтын адам болған

19.07.2018

Қаскелеңде «ақылды» комбайн адамның қатысуынсыз егін орды

19.07.2018

Қызылордада ұрланған қақпақтардың шығыны 30 млн теңгеге жеткен

19.07.2018

Жәңгір ханның жазғы ордасы Ресей жерінде жатыр

19.07.2018

Президент Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

19.07.2018

«Егемен Қазақстан» газетінде кадрлық өзгерістер болды

19.07.2018

З.Самашев: Табылған жәдігерлер б.з.д 8-7 ғасырға тиесілі заттар болуы мүмкін

19.07.2018

Кәріпбек Күйіков «Ядросыз болашақ үшін» сыйлығын алды

19.07.2018

Арқайым – аңыздар андыздаған алқап

19.07.2018

Қаршыға мен қара бала

19.07.2018

Баян-Өлгей аймағы су тасқынынан зардап шекті

19.07.2018

АҚШ – Ресей: Серіктестіктің соны серпіні

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Атақ қымбат па, абырой қымбат па?

Бүгінде қандай жолмен келсе де атақ үшін есі кете, есерлене қимылд­ай­ты­ны­мыз­ды бәрі біледі. Айта­лық, жуырдағы бір мереке күндерінде орден сатылыпты. Бұл орденнің атауы қандай дерсіз – «Қазақстанның құрметті азаматы».

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу