27 Қаңтар, 2010

ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ

3306 рет
көрсетілді
23 мин
оқу үшін
дағдарыс кезінде азаматтардың әлеуметтік кепілдігі мен қауіпсіздігі сақталуының сенімді тұтқасы болып отыр Экономикалық қиыншылықтарға толы 2009 жыл тарих еншісіне айналып, енді, міне, 2010 жылға да аяқ бастық. Осы бір кезеңді салымыз суға кетпей, әлеуметтік қауіп-қатерге ұрынбай, лайықты шығарып салғанымызға салауат десек, мұнда прокуратура органдарының да үлесі бар екенін батыл айта аламыз. Прокуратураның қадағалау қызметі еліміздегі заңдылықты қамтамасыз етудің сенімді тетігі бола отырып, мемлекет және жұмыс берушілердің тарапынан алға қойылған әлеуметтік-экономикалық міндеттемелер орындалуының, қоғамда қауіпсіздіктің, орнықтылық пен тұрақтылықтың сақталуына кепіл бола алды деп нық сеніммен айта аламыз. 22 қаңтарда өткен жылғы заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жөніндегі жұмыстардың қорытындысы жан-жақты талқыланып, алдағы кезеңге қызмет басымдықтары анықталды. Прокуратура органдары Мемлекет басшысының қаржы дағдарысы кезінде қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылы­ғын қамтамасыз етуге бағытталған тап­сыр­маларын орындауға, сондай-ақ аза­маттардың еңбек және экономикалық құқықтарын қорғауға ерекше назар аударып отыр. 2009 жыл бойына про­ку­рорлардың жұмысы заң нормалары шең­берінде жұмысшыларға еңбекақы­ны уақтылы және толықтай төлеуді қамтамасыз етуге, өндіріс көлемін нақты себепсіз азайтып, қызметшілерді еңбек демалысына кетуге мәжбүрлеуге жол бермеуге бағытталды. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша әлеуметтік-экономикалық са­лада 255 мың адамның конституциялық құқығы қорғалып, 183 мың қызметшінің жалпы сомасы 8,8 миллиард теңгені құ­ра­йтын еңбекақы бойынша қарызы өн­ді­ріліп берілді. Прокуратура органдары азаматтар­дың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында өткен жылы жеке және заңды тұлғалардың 251 мыңнан астам арыз-шағымдарын шешіп берді. Олардың 14 мыңнан астамы негізді деп табылып, қанағаттандырылды. 66 мың­нан астам азамат пен заңды тұлға­лар­дың өкілдері жеке қабылдауда болса, олардың 39 мыңнан астамын орталық және жергілікті орган басшылары тікелей қабылдады. Сондай-ақ ел Президентімен бол­ған “тікелей желі” барысында келіп түс­кен арыз-шағымдарды қарау жөнін­дегі жұмыстар толықтай аяқталды. Бұл ретте Бас прокуратурада жалпы алғанда 3443 сауал қаралып, 85 адамның өті­ніші қанағаттандырылды, 27 арыз іші­нара қанағаттандырылып, 3044 арыз-шағымға заң нормалары шеңберінде нақты да анық түсіндірмелер берілді. Бұл арыз-шағымдарды қарау нәтиже­сін­де прокуратура органдары заң бұ­зушылықты жою жөнінде 57 ұсыныс енгізді. 15 тәртіптік өндіріс және 10 қылмыстық іс қозғалды, қылмыстық қу­далау органдарының 9 заңсыз қау­лы­сы тоқтатылды, қадағалау сот инс­тан­ция­сына 13 наразылық келтірілді. Мұ­ның бәрі сайып келгенде прокуратура органдарының отандастарымыздың заңды құқықтары мен мүдделерін тікелей қорғап қалу жөніндегі күш-жігері пәрменділігінің айқын куәсі. Сондай-ақ өткен жылы үлескерлік құрылыс саласындағы теріс салдар­лар­ға қарсы тұруға шаралар қабылданды. Олар құрылыс компанияларының кей­бір басшылары тарапынан болған әртүрлі заң бұзушылықтар мен алаяқ­тық фактілері, олардың өз міндеттерін орындаудан бас тартуы, үлескерлердің ақшалай қаражаттарын мақсатсыз жұмсау, тіпті, тікелей талан-таражға салумен байланысты жағдайлар болды. 2009 жылы 82 нысан тұрғызу кезіндегі 45 құрылыс салушылар тарапынан болған әртүрлі теріс әрекеттер бел­гі­лерін, тіпті үлескерлердің қаржыларын ашық талан-таражға салу фактілерін прокурорлардың өздері тікелей анықтады. Бұл ретте 9 мыңнан астам азамат жәбірленуші деп танылды. Прокурорлардың жедел әрекеттері арқасында тергеуге дейінгі кезеңде “Аль­вин Групп” (84 үлескер), “Азия Кон­тракш Импекс” (130), “Серт” (730) сияқты құрылыс салушылардың тұрғын үй кешендерін салуын аяқтауына қол жеткізілді. Прокурорлық ықпал ету нә­ти­жесінде “Ахсел Кент” құрылыс ком­паниясының құрылыс жұмыстары қай­та жанданып, “Бейбарыс Билдинг” ком­паниясы 37 үлескерге басқа бітіп тұрған нысаннан тұрғын үй берді. Мұн­дай мысалдар аз емес. Аумақтық прокуратура органдары басшыларының бастамалары бойынша анықталған барлық фактілерге қатысты қылмыстық қудалау органдарына нақты құқықтық тапсырмалар берілді. Соның нәтижесінде 50 қылмыстық іс қозғалып, қазірдің өзінде сот үкім­дері­мен 38 адам сотталды. Сонымен бірге теріс пиғылды құрылыс салушылардың үлескерлер пайдасына өтем ретінде өндіріп беруге болатын барлық актив­терін анықтау жұмыстары жүргізілді және ол жалғасуда. Теріс пиғылды құрылыс салушылардың аяқталып біт­пеген құрылыс нысандары мен басқа да активтері арқылы үлескерлердің салған ақшаларын қайтару жөнінде де жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні соттар прокурорлардың 4581 үлескер мүддесіне 35,4 миллиард теңге бойынша теріс пиғылды құрылыс са­лушыларға қойылған 48 талабын қана­ғаттандырды. Бұл дегеніңіз – про­ку­ратура анықтаған қаржылық заң бұзу­шылардың жалпы сомасының 70 пайы­зы. Осы ба­ғыт­тағы жұмыстар жал­ға­су­да, үлескерлік құ­рылыстың қатардағы қа­тысушы­ларының құқықтары мен эко­номикалық мүдделерін қорғау жөніндегі күш-жігерді табысты деп айтуға толық негіз бар. Кәсіпкерлер мен шағын бизнес су­бъек­тілерінің заңды құқықтарын қам­та­масыз ету прокуратура орган­дары­ның 2009 жылғы құқық қорғау қыз­метінің басым бағытының бірі болды. Бір жағынан, олар жаһандық қаржы дағдарысының теріс әсерін мықтап сезінді. Бұл арада, Бас прокуратура бас­тамасымен прокуратура органдары­ның аумақтық бөлімшелерінің бәрінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде құрылған арнайы жедел топтар өз міндеттерін толық ақтағанын айта кеткен жөн. Соның нәтижесінде 100-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды. Бұл бағыттағы күн сайынғы жұмыстар жалғасуда, мәселен, қазіргі уақытта кәсіпкерлер мен тауар өндіру­шілердің құқықтарын қорғау жөніндегі еліміздің барлық жеріне бірдей ком­муникациялық торап – сенім теле­фонын қалыптастыру аяқталып келеді. Тұтастай алғанда, әлеуметтік-эко­но­микалық саладағы азаматтардың құ­қықтарын қорғау мақсатында 2009 жылы прокурорлар орталықта және жер­гілікті жерлерде 23 115 тексеру жүр­гізген. Олардың нәтижелері бойынша 10 296 наразылық қанағаттандырылып, 553 ұйғарым орындалды, заң бұзушы­лықты жою үшін шаралар қолданыла отырып, 19 661 прокурорлық ұсыным қаралды. Прокурорлық ықпал ету ша­ра­лары бойынша 38 387 заңсыз құ­қық­тық акті тоқтатылды немесе өзгертілді. Тәртіптік, әкімшілік және материал­дық жауапкершілікке 52 538 адам тар­тылды, 71 іс қозғалып, қазірде олардың 18-і сотқа жіберілді. Сот қараған қыл­мыстық істер бойынша 18 адам сот­та­лып, мемлекет кірісіне 55 миллиардтан астам қаржы қайтарылды. Құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес прокурорлар жұмысының басым бағыты болды және солай бола бермек. Бұл майданда да нақты нәтижелер бар­шы­лық. 2009 жылғы еліміздегі қыл­мыс­тық ахуалға жасалған талдау дағда­рыс­қа және бірқатар салада өндіріс кө­лемінің белгілі бір дәрежеде төмен­деуіне қарамастан, жұмыстарын про­ку­ратура үйлестіріп отырған құқық қор­ғау органдары елімізде тіркелген қыл­мыстар санын 2008 жылмен салыс­тырғанда 4,6 пайызға төмендетуге қол жеткізді. Қылмыстық ахуал статистикасы­ның маңызды көрсеткіштері мен са­нат­тары бойынша төмендеу байқалып отыр. Мәселен, жалпы қылмыс саны 6,1 пайызға төмендеді. Ал ауыр қыл­мыс саны 10 пайызға төмендеп, қыл­мыс­тың ашылуы 71,8 пайыз артты. Қазақстан Конституциясында бел­гіленгендей, ешкімді де азаптауға, қи­науға, қатал немесе адамның ар-ожда­нын кемсітетін басқа да әрекеттермен жазалауға жол жоқ. Елімізде бұл конституциялық нор­ма­ны қамтамасыз ету үшін барлық құ­қықтық тетік жасалып, азап көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілік бел­гі­ленген және азаптауға қарсы БҰҰ Кон­венциясы мақұлданған. Ал Жоғарғы Сот адамның ар-ожданына қол сұқпау жөнінде арнайы нормативтік қаулы қабылдаған. Осыған орай, прокурорлар жедел-іздестіру қызметі, тергеу мен анық­тау, жазаның орындалу заңды­лы­ғына қадағалауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық қудалау саласына түскен адамдарға азаптау қолдануды немесе бас­қа да қаталдық көрсетуді мүлдем бол­дырмау жөнінде түбегейлі шаралар қолдануда Ішкі істер органдарына осыдан біраз жыл бұрын енгізілген “кезекші прокурор” институты өзін то­лық ақтап отыр. Соның арқасында бұл салаға қадағалау тұрақты да пәрменді сипат алды. Тәулік бойғы прокурорлық рейдтер, уақытша ұстау орындарын­дағы немесе жедел-іздестіру қызметінің қызмет жайындағы адамдарға қатысты ахуалдарды сол жерде тексеру азамат­тар­дың құқықтарына нұқсан келтіру фактілерінің қолма-қол жолын кесуге мүмкіндік береді. Мұндай қылмыстарды тергеу проку­рор­лардың ұдайы бақылауымен жүргізі­ле­ді. Прокурорлар ел беделіне нұқсан келтіретін мұндай келеңсіз көріністерге ашық тергеу жүргізуге, сондай-ақ кү­дік­тілер мен ұсталғандарға азап көр­сет­кен және басқа да рұқсат етілмеген әре­кеттерге баруға кінәлі лауазымды адамдардың заңды да әділ жазасын алуына түбегейлі қол жеткізетін болады. 2009 жылы тергеу топтарына бас­шы­лық жасайтын арнайы прокурорлар 121 күрделі және маңызды қылмыстық істі өз өндірісіне алған, оның ішінде 58 іс бойынша тергеу аяқталып, сотқа жіберілді, олардың 40-ы бойынша айыптау үкімі шығып үлгерді. 2009 жылы сот төрелігін жүзеге асы­ру саласында заңдылықты қамта­масыз ету мақсатында прокурорлар тарапынан барлық қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыптауға қолдау көрсетілді (жеке айыптау істерін қоспағанда). Прокурорлардың бастамасымен апелляциялық сатыдағы соттармен 1311 адамға қатысты үкімдер заңға сәйкестендірілді. Республика бойынша апел­ляциялық наразылықтардың қана­ғаттандырылуы 89,3%-ды құрады. Қадағалау тәртібімен прокурор на­ра­зылықтары негізінде 474 адамға қа­тысты сот қаулылары (үкімдері) заңға сәй­кес келтірілді, ал қадағалау нара­зы­лық­тарының қанағаттандырылуы 93,5%-ды құрады. Азаматтарды заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартудың барлық фактілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты қатаң прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданды. Кейбір жағдайларда азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтары­на әсерін тигізетін қадағалау тәжірибе­сі­нің өзге де маңызды тұрғысы ретінде атқару өндірісі саласында заңдылық­тың сақталуына қадағалау ұйым­дас­тыру болып есептеледі. 2009 жылдың статистикалық көрсеткіштеріне сүйен­сек, бұл салада келеңсіз үрдістерді тү­бе­гейлі өзгертумен шектелмей, жағдай едәуір жақсартылды деп айтуға болады. Бұл көпшілігінде прокурорлардың мақ­сатты және бірізді жұмыс жасауының арқасында мүмкін болып отыр. 2008 жылмен салыстырғанда мүлік­тік өндірулер бөлігінде атқару өндірісі заңдылығының прокурорлық қадағалау жағдайы сөзсіз жақсарды деуге болады. Прокурорлық ықпал ету шаралары негізінде 15984 сот актілері бойынша жал­пы сомасы 9 миллиард теңгеге жуық берешек өндірілді. Салыстыру үшін, 2008 жылы 4,2 миллиард теңге құрайтын 11302 сот актілері орын­дал­ды. Прокурорлық қадағалау шаралары негізінде орындалған сот актілері 41,4%, ал өндірілген қаражаттың мөл­шері 111,2% өскені байқалады. Соның ішін­де мемлекеттік бюджетке 2008 жылы 1,9 миллиард өндірілсе, осы жылдың қорытындысымен 4 миллиард теңгеден астам берешектер өндірілді (118% өскен). Бұл прокурорлар қол­дан­ған шаралардың пәрменділігі мен тиім­ді­лігінің көз жеткізерлік нәтижесі екені сөзсіз. Қызметтегі жаңа талаптар, қадаға­лау органдары қызметіндегі жағымды өзгерістер мен 2010 жылға белгіленген мақсаттар туралы айтсақ, құқық тәртібін сақтау органдарының келісімді жұмысын және елімізде заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында Құқық қор­ғау органдарының Үйлестіру Ке­ңесінің қызметі жандандырылған. 2009 жылы Үйлестіру Кеңесі мәжілістерінің қаралуына күш құрылымдарынан үйлестірілген іс-әрекетті және бірыңғай ұстанымды талап ететін аса өзекті мә­се­лелер шығарылды. Құқық қорғау ор­гандарының қызметінде бұрын басым болған жазалау бағытынан құқық бұзу­шылықтардың алдын алу және жолын кесу жағына бет бұрылды. Өңірлерде облыс прокурорлары басқаратын Үй­лестіру Кеңесінің қызметі де жан­дан­дырылып, оң нәтижелер алып келуі тиіс. Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары да қайта қаралды. Жоғарыда айтылғандай, басты басым­дық ретінде құқық қорғау құзыретінің тиімді әрі пәрменді жүзеге асырылуы айқын­дал­ды. Прокуратура органдары­ның ерек­ше назары мемлекеттің эко­номикалық мүдделерін сақтауға бағыт­талған. Қаржы дағдарысының зардап­тарын неғұрлым азайтуға бағытталған Ұлттық Қордан бөлінген қаражаттың заңды және мақсатты жұмсалу мәселесі прокуратура органдарының тұрақты бақылауында. Мысалы, өткен жылы ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру, агро­өнеркәсіптік кешенді, шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаражатты жұмсау заңдылығына тексерулер жүр­гізілді. Құқық қорғау және уәкілетті ор­гандар қабылдаған алдын алу шара­лары Ұлттық Қор қаражатының Үкімет белгілеген шарттарына сәйкес игері­луін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Прокуратура органдарының тек­серулері нәтижесінде екінші деңгейдегі банктер тарапынан қор қаржысын мақ­сатсыз пайдалану фактілері анықталды. Мәселен, шағын және орта бизнес субъектілеріне жатпайтын, яғни несие алуға құқығы жоқ 4 несие алушыны 800 миллион теңгеден астам сомаға қайта қаржыландырған. Прокурорлық қадағалау актілері негізінде заңсыз пай­даланылған ақша банктерге қай­тарылып, тиісті жобаларды қаржы­лан­дыруға жолданды. Қазіргі таңда прокурорлар анық­таған заң бұзушылықтардың жойылуын қам­тамасыз ету үшін қолданыстағы бақылау тетіктерін жетілдіру қажет. Әлеу­меттік-экономикалық салада про­курорлық қадағалаудың сапасы мен тиім­ділігін арттыру мақсатында про­курорлық тексерулерді жоспарлау және жүргізу кезіндегі тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу керек. Бұл прокурорлар­дың қызметін өзекті әрі маңызды арналарға бағыттауға мүмкіндік береді. Прокуратура органдарының ең басты басым бағыттарының бірі ретінде аза­маттардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қам­тамасыз ету болған және солай болып қалады. Бұл әсіресе, әлеуметтік және еңбек қарым-қатынасы, денсаулық сақтау және білім беру салаларына қа­тысты. Осы жұмыс 2010-2020 жылдар аралығындағы мемлекеттің Құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелері­не сәйкес жүргізіле отырып, нығайтуды талап етеді. Биыл прокуратура органдары өз­дерінің мәртебесінің көтерілуіне және өкілеттіктерінің кеңейтілуіне бай­ла­нысты қызметін жоғары және сапалы деңгейге көшіруге бет бұруы керек. Біз­дерді жаңартылған құқықтық алаңда және қойылған тапсырмалардың өзгеріп, өсу жағдайында қызмет ету күтіп тұр. Атап айқанда, жыл сайын прокуратура органдарына азаматтардан келетін өтініштердің саны 20-30% арта түседі. Бір жағынан, бұл азаматтардың қадағалау органдарына сөзсіз сенім­ділігін және прокурорлар тарапынан олардың құқықтары мен мүдделері тиімді қорғалатынын куәландырады. Екінші жағынан, адамдардың қайы­рылу санының күрт өсуі бізге қоғам­ның даму тұрақтылығы, тыныштық пен құқық тәртібі жағдайының сақталуын қамтамасыз етуге қосымша жауапкершілік жүктейді. Биыл әлеуметтік-экономикалық саланың заңдылығын қадағалауда басталған жүйелі өзгерістерді аяқтауды мақсат етіп отырмыз. 2010-2014 жыл­дарға бекітілген Бас прокуратураның Стратегиялық жоспарына сәйкес, не­гізгі талап ретінде анықталған заң бұзу­шылықтарды жедел және нақты жою белгіленген. Сонымен қатар салалық статистикалық есеп пен Бірыңғай ақпараттық жүйе әрбір бұзушылық туралы ақпаратты анықталғаннан бастап жойылғанға дейін көрсетуі тиіс. Бұдан басқа прокуратура органдары­ның жұмысында тағы бір жаңа үрдіс ТМД-ның үш мемлекеті: Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Кеден одағын құру шешіміне негізделген. Осы­ған байланысты, кеден заңнамасының сақталуына ұйымдастырылып, жүргізіл­ген прокурорлық тексерулердің сапасын қамтамасыз ету талаптары осыған байланысты айтарлықтай өседі. Еліміздегі соттар қараған істердің жыл сайынғы өсу беталысын ескеру қажет. 2009 жылы сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету саласында прокурорлар 48 мың қылмыстық, 58 мың азаматтық және 112 мыңнан астам әкімшілік істерге қатысты. Өткен жылдың бірінші жар­ты­жылдығының қорытындысы бойын­ша соттарда прокурорлар тарапынан мемлекет мүдделеріне өкілдік ету функ­циясы сынға алынған болатын. Бүгінгі күні бұл көрсеткіштер жақса­рып, прокурорлар сот актілерінің заң­дылығы мен негізділігіне тиімді әсерін тигізген. Алайда, мемлекеттік айыпты қолдау мен қорытынды беру және сот актілеріне наразылық келтіру осы күнге дейін сотта өкілдік ету саласында ең басты мақсат болып табылады. Прокурорлардың қылмыстық істер бойынша, соның ішінде алқа билердің қатысуымен қаралатын істерде мем­ле­кет­тік айыптауды қолдауы жоғары дең­гейіне жетпеген. Үшбуынды сот жүйе­сін енгізу және соттардың мамандан­ды­рылуының кеңейтілуіне байланысты сот іс жүргізуіне прокурордың тиімді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында прокуратура органдарының салалық бөлімшелерінің қызметін де қайта қарау қажет. Басқа сөзбен айтқанда, сот жүйесін жетілдіру үдерісі міндетті түрде соған тектес прокурорлық қызметті ұйымдастырудың өзгеруімен байланысты болуы тиіс. Соңғы кезде Бас прокуратураның Халықаралық ынтымақтастық депар­та­ментінің рөлі өсуде, әрине, оның себе­бі осы жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуіне байланысты. 2010 жылы бұл прокуратура бөлімшесінің бастапқы мақсаты ретінде Қазақстан тарапынан еуропалық мемлекеттерде ұйымдастырылған негізгі іс-шараларға прокурорлардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету деп белгіленген. Оның басқа маңызды бағыты ТМД-ға қаты­сушы мемлекеттер Бас Прокурор­ла­ры­ның Үйлестіру Кеңесі Хатшылығымен ара-қатынастарды нығайту деп көрсе­тілген. Сонымен қатар осы жылы Қа­зақ­стан Республикасының Еуропа Кеңесіне берілген Отанымыздың қыл­мыстық сот өндірісі саласының Еуро­палық конвен­цияларға қосылу туралы өтінімінің қаралуын қамтамасыз етуді аяқтау қажет. Прокуратура органдарының қызме­тін ақпараттандыру бойынша маңызды жұмыстар атқару қажет. Қазіргі уақыт­та барлық материалдар мен істерді ба­қылайтын құқық тәртібі органдарының Арыздарды тіркеу кітабына тіркеуге алынғаннан бастап қорытынды шешім қабылданғанға дейін кеңейтілген бірыңғай ақпараттық бағдарламаның енгізілуі талап етілуде. Осыған бай­ланысты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетке есептерді қалыптастыру үдерісін автоматтандыру, Бірыңғай мемлекеттік деректер қорын құру жұмыстарын жалғастыру қажет. Өткен жылы прокуратура орган­дары атқарған жұмыстардың негізгі қорытындылары мен алда тұрған мақ­саттар осындай. Прокуратура орган­дарымен өз тағдырын байланыстырған әрбір қызметкер мен барлық прокура­тура органдарының әрекетіне өте көп жағдай байланысты, олар – әлеу­мет­тік-саяси тұрақтылық, азаматтардың амандығы, балалар мен немерелердің бақытты болашағы. Бұл өз еліміз бен барлық қазақстандықтар үшін ерен еңбек ету және біздің күшімізді жұ­мыл­дыруға лайықты себеп екені сөзсіз. Қайрат МӘМИ, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры.