ЭКСПО-2017 • 14 Қыркүйек, 2017

ЭКСПО-2017 көрмесіне шығындалған қаржының орны толы - Назарбаев

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017» халықаралық  көрмесі өзін өзі толықтай ақтады. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық және шетелдік журналистерге сұхбат берген Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ЭКСПО-2017 көрмесіне шығындалған қаржының орны толы - Назарбаев

Фото: liter.kz

«Шығындалған ақша осы жерге  келушілердің, саяхатшылардың есебінен қазіргі уақытта қайтарылды. Осыған дейін атап өткенімдей, Астананың барлық қонақ үйлері, мейрамханалары, концерт залдары мен дүкендері толып, өте жақсы серпін алды. Астана бюджетінің түсімі осы жылдың ішінде бірнеше есеге артты. Бизнесмендер де өз ақшаларын тапты. Мұның барлығы да елдің қоржынын толықтырды», - деді Қазақстан Президенті.