Сауд Арабиясында әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат берілді

Сауда Арабиясы Королі Салман ибн Абдул-Азиз әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат беретін Жарлыққа қой қойды. Құжат 2018 жылдың маусым айынан бастап күшіне енеді.

Егемен Қазақстан
27.09.2017 2156

Корольдік әйелдері тарихта алғаш рет көлік жүргізуге рұқсат алды. Басылымның хабарлауынша, бұл ақпаратты Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі де растап отыр. Монарх бұл шешім қоғамға оң әсер етеді деп ойлайтынын айтыпты. Бірақ Жарлықта автокөлік жүргізу шариғат заңдарына сай болу керектігі айтылған.

Сондай-ақ құжат бойынша ішкі істер, қаржы, еңбек және әлеуметтік даму министрліктерінің қатысуымен жоғары деңгейлі комитет құрылып, 30 күннің ішінде куәлік беру тәртібі қарастырылатыны айтылған.

"Бұл Сауд Арабиясы әйелдері үшін үлкен жеңіс. Бұл проблемамен әйелдер бірнеше жыл емес, өмір бойы күресіп келді. Тіпті, әйелдерге көлік жүргізу керек емес деген де ойлар айтылды", дейді Сауд Арабиясы Шура кеңесінің мүшелері. 

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерреш бұл шешімді қолдайтынын білдірді. Ол өзінің Туиттердегі парақшасында "Сауд Арабиясының әйелдерге көлік жүргізу құқығын бергенін қолдаймын. Бұл дұрыс бағыттағы маңызды қадам", деп жазды. 

Осы күнге дейін Сауд Арабиясында әйелдердің көлік жүргізуіне тікелей тыйым болмаса да, оларға жүргізуші куәлігі берілмеді.

Естеріңізге сала кетсек, Сауд Арабиясында 2011 жылдан бастап әйелдер құқығы бойынша өзгерістер енгізіле бастады. Сол кезде Абдалла атты Король әйелдерге шураға, яғни Корольдік үкіметіндегі кеңес органына сайлануға рұқсат берді. Одан кейін 2012 жылы әйелдер алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысса, 2015 жылы муниципалді сайлауға қатысу құқығын иеленген болатын.

Гүлнұр Қуанышбекқызы,

"Егемен Қазақстан"

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2018

Алматыда Әлемдік экономика және саясат институты алаңында сарапшылар кездесуі өтті

23.02.2018

Элизабет Тұрсынбаева Кореядағы Олимпиадада 12-орын алды

23.02.2018

Сарайшық ескерткіштерін ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алынады - Арыстанбек Мұхамедиұлы

23.02.2018

Дәулетжан Махмұт. Портрет

23.02.2018

Қазақстандағы алғашқы сотсыз татуласу орталығы Қызылордада құрылады

23.02.2018

Өскемендегі Жастар театры «Аршын мал алан» мюзиклін сахналады

23.02.2018

Атырау облысының әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Жамбылда атқарылатын жұмыс көп

23.02.2018

Әкім есебіне жетістіктер ғана арқау бола ма?

23.02.2018

Жаңа латын графикасына қатысты пікірлер

23.02.2018

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру: телемедицина қызметін қайта қарау қажет

23.02.2018

Қисынсыз қойылған атаулар

23.02.2018

Мүсінші дәрігер Ержан Қази

23.02.2018

Көкшетауда кәсіби және әуесқой автоспортшылар арасында техникалық жарыс өтті

23.02.2018

Таразда Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған танымдық концерт өтті

23.02.2018

Сөз сойыл №53

23.02.2018

Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы қарсаңында «Ақын жүрген жерлермен» акциясы басталды

23.02.2018

Нұрғали Ораз. Қыз құлаған

23.02.2018

«Қазақтың ірілері». Жақсылардың айбары мен дидары

23.02.2018

Кітаптар да адамдар сияқты...

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу