Акция мақсаты — салауатты өмір салтын жүргізуге халықты уәждемелеу, скринингтік тексеруден уақытылы өту қажеттілігі туралы азаматтарды ақпараттандыру, алуан түрлі қоғамдық институт өкілдерінің қан айналысы жүйесін аурудан сақтандыру бойынша жұмысқа тарту. Бұл жұмыс жүрек-тамыр ауруларының ауыртпалығын төмендетуге бағытталған. «Хан Шатыр» ОССО-да акция шеңберінде кардиолог, невропатолог, экдокринолог, нутрициолог, ЕДШК дәрігері қабылдайтын «Денсаулық қалашығы» есіктері ашылады.
Сондай-ақ, мұнда келушілер артерия қысымын өлшей алады, қандағы глюкоза және холестерин деңгейін анықтай алады, дене массасының индексін біле алады.Сондай-ақ, тәжірибелі мамандар қонақтарға артерия гипертониясы, инфарктің алғашқы белгілері туралы әңгімелеп береді, АҚ дұрыс өлшеуді үйрететін болады.
Осы іс-шараның ұйымдастырушылары елордалық Денсаулық сақтау басқармасы, Астана қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті, ҚР ДСМ ДСҚК.
Өткізу орны: «Хан Шатыр» ОССО, сағат 15:00-ден 18:00 дейін.