Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Ақтөбе» алқабында несиеге берілетін әрі жылдам салынатын бір қабатты және екі қабатты тұрғын-үй құрылысының барысымен танысты.
Қазақстан Президенті еліміздің тұрғындары үшін «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асырудың маңызды екенін ерекше атап өтті.
– Халықтың әл-ауқатын арттыруда бұл бағдарламаның маңызы зор. Біздің басты мақсатымыз – азаматтардың жайлы тұрмысы үшін қажетті инфрақұрылым қалыптастырып, оларды жұмыспен қамтамасыз ету, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысына «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылу барысы жөнінде баяндады. Биыл облыстағы 1000-нан астам отбасын тұрғын-үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Соңында Елбасы аталған жобаны іске асыруға атсалысып жатқан құрылыс компанияларының өкілдерімен әңгімелесті.