Аймақтар • 08 Қазан, 2017

Атырауда велошеруге 1500-ден астам қала тұрғыны қатысты

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда қала күні мерекесіне орай бұқаралық велошеру өткізілді, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Атырауда велошеруге 1500-ден астам қала тұрғыны қатысты

Салауатты өмір салтын насиихаттауға бағытталған шараға 1,5 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. Облыс орталығының бірнеше көшесін басып өткен жалпы қалалық велошеруге қатысушылар 10 шақырымға жуық қашықтықты бағындырды.

Спорттық мерекеге қатысқан жандардың арасында алпысты алқымдаған ақсақалдар да, алты жастағы балалар да бар. Ал орта жастағы қызметтен үнемі қолы босамайтын жұмысбасты тұрғындар үшін бұл нағыз спорттық бәсеке болды. Ал шеру соңы шағын мерекеге ұласып, үздіктер марапатталды.