Қазақстан • 27 Қазан, 2017

Көкжиегімізді кеңейтетін тарихи шешім - Серік Негимов

876 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президенттің үстіміздегі жылдың сәуір айында жа­рия­ланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қоғамға үлкен резонанс тудыр­ғаны белгілі. Себебі мақалада көпшілік көкейінде көптен жүрген латын әліпбиіне көшу мәселесі таяу жылдардағы атқарылуы тиіс міндеттердің бірі ретінде ең алдымен аталды.

Көкжиегімізді кеңейтетін тарихи шешім - Серік Негимов

Сол күннен бастап қоғам бұл мәселені әр қырынан, әр деңгейде талқылап келеді. Талқылау барысында кейбір пікірлерді есептемегенде, жалпы халықтың латын әліпбиіне көшуге ықыласты екенін ұқтық. Ел мен ұлт тағдырына, тіл тағдырына алаңдаулы аза­мат­тардың көптігіне көңіл мар­қайды. Латын графикасына көшу арқылы тәуелсіздікті баян­ды етуге, өркениетті елдердің қатарына қосылуға құлықтылық рухани жаңғыруға қоғамның дайын екенін көрсетіп берді.

Әрине, қазақ даласында латын әліпбиі бұған дейін де қолданылған. 1928-40 жылдары пайдаланылған бұл әліпбидің ғұмыры қысқа болғанын, соңыра кеңес өкіметінің күштеу сая­сатымен кирилл әліпбиіне ауысқанымызды елдің көбі біледі. Тәуелсіздіктің ширек ғасырында жазуды ауыстыру қажеттілігі әбден пісіп-жетілді. Оны көп созуға болмайтынын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Бұл орайда Елбасы Н.Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өту қажет. Ол латын әліпбиіне көшу идеясын өзі бастап «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтқан болатын. Араға бес жыл салып соны орындауға бел шеше кірісіп отыр. Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіруді – Елбасының тарихи шешімі деп бағалаймын. Бұл тарихи шешім арқылы ғылым мен ақпарат, мәдениет салаларында үлкен жетістіктер орын алатынына сенімім мол. Халқымыздың алғырлығы, ғылым-білімге құштарлығы латын әліпбиін тезірек игеруге де септігін тигізеді деп ойлаймын. 

Серік НЕГИМОВ, 
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор

Соңғы жаңалықтар