Президент • 03 Қараша, 2017

Астанада «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысы өтуде

266 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Астанада «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысы өтуде

Отырыстың күн тәртібінде партияның 2017 жылдың 10 айында еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы аясында атқарған жұмысы, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының құрамына өзгертулер енгізу мәселесі қаралуда.

Атап айтсақ, Парламент Мәжілісіндегі партияның фракциялық қызметі жетілдірілді және партиялық тәртіп нығайтылды. Депутаттар - партия фракциясының мүшелері Мәжіліске келіп түскен 148 заң жобасының 131-ін қарау жөніндегі жұмыс топтарын басқарды. 8 заң жобасына бастамашылық жасалды, олардың төртеуі қабылданды.

«Партияның Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын насихаттау бойынша жұмысына барлық партиялық құрылымдар - бастауыш партия ұйымдары, фракция депутаттары, консультативті-кеңестік органдар мен диалог алаңдары, орталықтағы әрі жергілікті қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмылдырылды. Ақпараттық ілгерілету мен Жолдаудың басты басымдықтарын іске асыру партиялық жобаларды жүзеге асыру негізінде ұйымдастырылды. Жалпы алғанда, 4 млн адамды қамтыған 46,9 мың іс-шара өткізілді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын ақпараттық ілгерілету мақсатында партия барлық ресурстар мен активтерді іске қосты, жастарды, сарапшылар мен зиялы қауымды тарта отырып, әртүрлі «диалог алаңдарында» жұмыс жүргізеді. Барлық жерлерде 22,8 мың іс-шара өткізілді, оларда 1,5 млн адам қамтылды. Белгілі болғандай, есепті кезеңде партияға 190 мың өтініш келіп түсті, оның ішінен 96 пайызы оң шешімін тапты, сондай-ақ консультациялық көмек көрсетілді.

«Өтініштерді 100 пайыз қарау қамтамасыз етілуде, хаттарды қарау мерзімдері 8-10 күннен 1-5 күнге дейін қысқартылды. Бүгінде «Нұр Отан» партиясының қатарында 190 мың (29 жасқа дейінгі) жас қазақстандық бар. «Жас Отан» қызметі 16 аймақтық және 208 қалалық әрі аудандық филиал, кәсіпорындардағы 230 бөлімше мен ЖОО-дағы 96 бөлімше арқылы жүзеге асырылады. Жастардың барлық санаттарын қамтитын 12 жастар жобалары іске асырылып жатыр. «Кокурстық іріктеу негізінде аймақтық партиялық кадрлық резерв қалыптастырылды, оған 3 052 адам енгізілді. Резервшілердің нақты іс-қимылдар жоспары бекітілді. Резервке қатысушыларының 52 пайызы мәслихаттардың депутаты болып сайланды. Келесі жылы Республикалық партиялық кадрлық резервті қалыптастыру жөніндегі жұмыс басталады.

Динара Бітік,

"Егемен Қазақстан"