Эрмитаж әлеміне енген күн

Эх, шіркін Эрмитаж!

Егемен Қазақстан
14.11.2017 3544
2

Сарысүйек Санкт-Петербургтегі осынау мәдениет ордасының сән-салтантын суреттеуге сірә, тіл жетпес. Ондағы кереметтерді көзбен көру керек. Тек сонда ғана көңіліңіз көншіп, алған әсеріңізді бояуы солғын тартпасы анық. Өз басымыздан өткерген жай болған соң айтып жатқанымыз ғой.

Ал енді алыстағы ақ түндер қала­сы­на аяғы жетпей жүргендер қайтпек?! Олардың да ой-арманын орын­даудың оңтайлы жолы табыл­ған тәрізді. Қазір адамзаттың ақылы асып-тасып, ғылым мен техниканың қарыштаған зама­ны емес пе. Бүгінде екінің бірі білетін электронды форматта қалаған тақырыбыңмен танысуға болады. Қазақстан Рес­пуб­ликасының Ұлттық музейін­де өткен Эрмитаж күндері барысында осыны байқадық. Эрмитаждықтар елордаға барлық бағалы экспонаттарын көшіріп әкелгендей күй кештік.

Айтулы оқиғаға орай арнайы ұйы­м­дас­тырылған баспасөз кон­фе­рен­­ция­сында Мемлекеттік Эрми­таж бас директорының орынбасары Свет­лана Адаксина ағынан жарыла ақ­тарылып, біз бірін білсек, бірін білмей­тін біраз деректерді алға тартты. Мәртебелі мейманның мәлімдеуінше, ертеден қалыптасқан Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы кейінгі кездері тіпті тереңдей түскен. Әсіресе мәдени-рухани байланыстар барынша жақсы жолға қойылған. Баршамыз куә болып отырған мына маңызды шара соның айғағы.

«Екі жылда бір рет Астанада Эрмитаж күндерін өткізуді өзіндік дәстүрге айналдырып келеміз. Алғаш рет мұнда 2015 жылы келдік. Биыл жазда ЭКСПО аясында музейі­міз­дің қорындағы Шығыс қару-жарақ­­тары­ның коллекциясын көпшілік назар­ына ұсындық. Менің әріптесім, «Арсенал» бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Влади­мирович Любин әзілдеп айтқандай, «Атыс-шабыс құралдарының көмегімен де достық көпірін орнатуға болады екен». Бұл жолы дәстүрлі әдіс-тәсілдерден бас тарттық. Тас ғасы­рынан бүгінгі таңға дейінгі кезеңді қам­титын үш миллионнан астам жәдігері бар, әлемдегі ең әйгілі музейдің асыл қазыналарын VR-360 пішініндегі он сегіз минуттық виртуальды фильм арқылы көрсетпекпіз. Бағасын кейін бере жатарсыздар. Меніңше, сіздерді бейжай қалдырмайтынына сенімдімін», деді ол жылы жымиып.

«Жақсыны көрмек үшін» деген. Ендеше не тұрыс. Көп кешікпей арнайы аппаратты көзімізге киіп, «Эрмитаж. Уақыт пен кеңіс­тікке виртуальды сүңгу» атты қиял-ғажа­йып қызықты бейнетаспаны тамашалауға кірістік.

Ойпырмай, шағын экрандағы «шытырман» бірден баурап ала жөнелді. Кино дейін десең, таспадағы тарихи оқиғалардың тап ортасында сен де жүргендейсің... Ғажап!..

...Сарай алаңындағы атақты Александр бағанының алдына жан-жағы алтынмен апталып, күміспен күптелген күйме тоқтай қалды. Еппен есігі ашылып, ішінен бір таныс бейне шыға келді.

Ойбай, мынау әлгі, Ресейдің танымал әртісі Константин Хабенский ғой... Үстіне киген қара пальто мен басындағы цилиндр қалпағының өзіне жараса қалғанын қарашы. Амандасып алды да, аузы-аузына жұқпай сайрай жөнелді. «Эрмитажға кіргің келе ме? Сен менімен бірге оның ішіне кіріп қана қоймайсың, сондай-ақ өткен өмірге еніп, тарих тереңіне бойлайсың. Біздің алдымызда өнер туындылары жиналған музей ғана емес, орыс монархтарының үйі – император резиденциясы тұр», дейді бізді желіктіріп.

Содан уақыт пен кеңістік билігіне бағын­байтын жолбасшымыздың соңына еріп, Қысқы сарайыңызды емін-еркін араладық. Бір бұрышта қалың картиналарының қақ ортасында қамығып Екінші Екатерина отыр. Әлдебір мәселелер мазалап әбігерленген сыңайлы. Сөйтсек, шетелдік мырзалар сыйға тартқан шедевр суреттерді қайда орналастырарын білмей қиналған түрі екен. Қасындағы нөкерлеріне мұңын шағып қояды: «Жан-жақтан жиналған жауһарлар күн көзін көрмей қараңғы қоймада жатыр. Алда-жалда атжалмандар кеміріп тастаса қайтем? Қой, мен бұларды ілетін оңаша отау салдырайын...».

Міне, жылына үш миллион адам келіп тамашалайтын Эрмитаж тарихы осылай басталған.

Он тоғызыншы ғасырдың ортасына дейін талайларды тамсандырған Эрмитаждың табалдырығынан аттау бақыты елдің бәріне бірдей бұйыра бермеген. Басқа түгіл Пушкин­нің өзі араға Жуковскийдің абырой-беделін салып шақыру билетін зорға сұратып алыпты.

1837 жылы Императордың құтты мекені от құшағына оранғанда Бірінші Николайдың өзі бас болып, құнды дүниелерді сыртқа тасытыпты. Патша пәрменімен арада он бес ай өткенде зәулім ғимарат қайтадан бой көтеріпті.

Айта берсе, шертер шежіренің шегі жоқ...

Айтпақшы виртуальды саяхаттың арқа­сын­­да экспонаттардың басым бөлігі сары май­дай сақтаулы тұрған жертөлеге түстік. Ондағы байлықтың бағасын білетін мамандар мән-жайды түсіндірді. Әрине әр ғасырдан жеткен көне жәдігерлерді жаңғыр­тып, қайта қалпына келтіріп, талапқа сай күтіп-баптамаса болмайды. Мұнда сондай жұмыстар жүргізілетінін білдік.

Сиқырлы сапарымыз аяқталар шақта Эрмитаж шатырына шығу мүмкіндігіне ие болдық. Баяғыда патша ағзамдар дәл осы арадан айналаны бақылап, «Солтүстік Пальмира­сы­ның» сұлулығына сұқтанған деседі.

Эрмитажға әдейілеп барсақ та мұндай құрметке бөленбес едік. Сәтінің Астана төрінде түскенін қарашы. Төбеден төңірекке қарағанда, өне бойыңды сүйсініспен қатар қорқыныш сезімі қоса билейді. Өйткені көргеніңнін бәрі шынайы өмірдегідей. Аяғыңның астында жатқан көшеге немесе жарқыраған Нева жаққа қарасаң басың айналып, құлап кете жаздайсың. Ал аспанға қарай құсша қалықтаған сәтте жүрегің аузыңа тығылады...

...Екінші бір алаңда орнатылған дәл осындай электронды құрылғымен Эрмитаждың «Юпитер» залындағы ежелгі мүсіндердің қыр-сырына қанықтық.

Бұл күндері Эрмитаждың білікті мамандары астаналықтар алдында мазмұнды, мағы­налы баяндамалар жасап, шеберлік дәрістерін оқыды.

Елорданы елеңдеткен Эрмитаж күндеріне қатысып қайтқан «Егемен» тілшісінің көрген-білгені міне, осындай.

Талғат БАТЫРХАН,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.10.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев: Білім беру жүйесі реформалардың шырмауынан шыға алар емес

19.10.2018

Ұлттық құндылықтардың иесі – жастар

19.10.2018

Оралда студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

19.10.2018

«Қазпоштаның» 25 жылдығына орай «Жазылушылар күні» ұйымдастырылды

19.10.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қаржысын үнемдеуге шақырды

19.10.2018

Еуразия ынтымақтастығының маңызы зор

19.10.2018

Амангелді Кеңшілікұлының «Қазақты сүю» атты шығармашылық кеші өтті

19.10.2018

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің 40 жылдығы аясында тарихи кітаптардың тұсауы кесілді

19.10.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда жұмыс сапарымен болды

19.10.2018

Америкалық еріктілер оқушыларға ағылшын тілін үйретіп жүр

19.10.2018

Мемлекет басшысы Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті

19.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитіне қатысты

19.10.2018

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектер арбасын сыйлайды

19.10.2018

Президент «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитінде кездесулер өткізді

19.10.2018

Владимир Путин: Өзбекстан Ресейдің сенімді серіктесі

19.10.2018

Сенатор Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысында жұмыс сапарымен болды

19.10.2018

Атырауда мамандандырылған ХҚКО құрылысы аяқталуы жақын

19.10.2018

Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына - 120 жыл

19.10.2018

Павлодар-Семей тасжолында көліктер өртеніп, бір адам мерт болды

19.10.2018

TWESCO дүниежүзілік мәдениет форумына қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу