Бұрын семіздік Еуропа мен Америка елдеріне ғана тән мәселедей көрінетін. Алайда қазір артық салмақ біздің елімізді де, соның ішінде балаларды да айналдыра бастады. Айталық, әлемде 1-5 жас аралығындағы 41 миллион бала семіздікке шалдықса, Қазақстанда әр бесінші бала артық салмақтан зардап шегуде.

Сарапшылардың пікірінше, фастфудтарды жиі тұтыну, уақытылы ыстық тамақ ішпеу және қимыл-қозғалыстың аздығы артық салмаққа әкеліп отыр. Семіздікке бейім балалар өсе келе қант диабеті, жүрек-қан тамырлары ауруларына жиі шалдығады. Әрі артық салмақ асқазанның созылуына, тойымсыздыққа әкеліп соғады. Сондықтан бұл қазір жаһандық мәселеге айналып отыр.
Былтыр ғана Біріккен Ұлттар Ұйымы балалар арасындағы семіздікті жоюды және бұл проблеманы уақыт өткізбей шешуді ұсынғаны есімізде. Ал Қазақстанда бертінге дейін жеткіншектер арасындағы семіздік онша үлкен мәселе ретінде қаралған жоқ, оған себеп те аз-тын. Саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы тек 2015-2016 оқу жылында бастауыш сынып балалары арасында артық салмақ пен семіздік белгілеріне, олардың ұстанған өмір салтына, тамақтану мәдениетіне алғаш рет мониторинг жасады. Арнайы COSI хаттамасы негізінде жүргізілген зерттеу жұмысына қазақстандық 5500 бала мен 5 мыңға жуық отбасы және 142 мектеп қатысқан. Солардың ішінде артық салмақ – 13,1 пайызды, семіздік 6 пайызды құраған. Осылайша, мамандар Қазақстанда 8-10 жас аралығындағы әр бесінші бала семіздікке шалдыққан деген қорытындыға келді.
Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда еліміздің жалпы білім беретін оқу орындарында «денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» қанатқақты жобасын енгізу қолға алынған. Мұндай бастаманы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы кеңсесі көтеріп отыр. Осыған байланысты өткен дөңгелек үстел жиынында аталған ұйымның сарапшысы, Еуропадағы денсаулық мектептері желісінің кеңесшісі Гуф Бауэрс жобаға қатысушы мектептер үшін арнайы нұсқаулықтар беріп, Қазақстанда мектеп оқушылары денсаулығын нығайту бағдарламалары бойынша ұлттық стратегия әзірлеу керектігін алға тартты.
ДДҰ-ның қанатқақты жобасы әзірше еліміздің төрт өңірінде – Астана мен Алматы қаласында және Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында енгізіліп отыр. Осы жобаға қатысушы Алматы қаласындағы №116 мектептің директоры Екатерина Анисимованың айтуынша, жоба қолға алынғалы білім ошағының тәрбие үдерісіне өзгерістер енгізіліп қана қоймай, оқушылар тағамының сапасы артып, ас қауіпсіздігі мен үйлесімді мәзірге ерекше ден қойыла бастаған. Ата-аналар мен оқушылар арасында саламатты тамақтануға байланысты пайдалы дәрістер оқылып, тәрбие жұмыстары жүргізілген. Ал Астана қаласының №10 мектеп-гимназиясының мұғалімі Ербол Әреновтің атуынша, қанатқақты жобаның арқасында оқушыларға арналған емдеу-шынықтыру бөлмесі жабдықталып, жаңа үйірмелер ашылған. Сондай-ақ бастауыш сыныптардың оқушылары денсаулық әліппесімен қамтамасыз етілген.
Енді осы жобаны Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің барлық мектебіне таратуды көздеп отыр. Ал «Қазақстандағы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы мен ДДҰ-ның тәжірибесі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының сайтында жарияланып, қызығушылық танытқан жандарға қолжетімді болмақ.
Жалпы, қазақ халқы ертеден-ақ тамақтану жағына сауатты болған. Ал қазір адамның сана-сезімі заманға сай өзгеріп, материалдық-техникалық жағдайымыз қарыштап дамыса да дұрыс тамақтану мәдениетін меңгере алмай келеміз. Аурудың басты себебі тағамтанудың дұрыс жолға қойылмауынан екендігін жете түсіне алмаудамыз. Тамақ режімін, тәртібін сақтауға көңіл бөле бермейтініміз сондықтан.
«Кедейдің бір тойғаны – шала байығаны» деп кейде шектен тыс көп жейміз немесе күні бойы ашқұрсақ жүреміз де, кешкісін тыңқиып тойып аламыз. Мұның өзі ағзаға үлкен зиян. Мамандардың айтуынша, қазір адамдардың басым көпшілігі екі рет ыстық тамақ ішуді ұмытқан. Тіпті 9 пайызы тәулігіне бір-ақ рет тамақтанады екен. Көпшілік жеміс-жидекті неғұрлым көп тұтынса, соғұрлым пайдалы екенін саналы түрде білсе де, оны сақтай бермейді. Міне, үлкендердің тамақтану мәдениетіндегі осы олқылықтар енді балаларға «жұғып» жатыр. Жеткіншектердің жартылай дайын тағамға үйірсектігі, далада ойнаудан гөрі үйде монитордың алдында көбірек телміруі және үйлесімді тамақтанбаудың соңы семіздікке әкеліп отыр.
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,
«Егемен Қазақстан»
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар