«Ш.Айтматов, Г.Бельгер, Т.Бигелдинов, Е.Серкебаев, Қ.Кенжетаев, С.Калмыков, Қ.Мырза Әли, Алматы апортының «әкесі» атанған Е.Редько және басқалардың есімдерін алған көшелер пайда болады», делінген әкімдік хабарламасында. Осылайша Мегаполисте 42 көшеге еліміздің дамуына үлес қосқан қайраткерлер есімі және географиялық атауға, қазақстанның тарихы мен мәдениетіне, дәстүріне орай аталатын болады.
Еске салсақ, Алматыда бұрындары бірін-бірі қайталайтын 100 көше атауы өзгерген болатын. Қалаға қосылған елді мекендерді есептегенде мегаполисте Абай атында - 12. М. Әуезов атында - 3, Ж. Жабаев атында - 13, Құрманғазы атында - 6, Төле би атында - 5, Қазыбек би атында - 3, Әйтеке би атында - 3, Райымбек батыр атында - 8, Наурызбай батыр атында - 4, Қарасай батыр атында - 8, Байтұрсынов атында - 4, С. Сейфуллин атында - 5, Ә. Молдағұлова атында - 6, М. Мәметова атында 6 көше аталған екен.
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша мемлекеттік органдар базада көше атауы өзгерген соң қажетті анықтамаларды электронды үкімет порталынын немесе ХҚКО-дан бірнеше минут ішінде ала алады.
Сонымен бірге бүгін, 30 қарашада Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгертілген болатын.