Онда бұрынғы «Гавана» кинотеатры болған ғимараттың «Александр Масляков и компания» телевизиялық шығармашылық бірлестігінің жекеменшігіне заңсыз түрде өткендігі жөнінде айтылған. Ал бұл ғимаратты 2011 жылы Ресей Президенті Владимир Путин КВН клубының 50 жылдық мерейтойына орай тарту еткен болатын.
Зерттеу ісінде аталған ғимараттың Мәскеу жекеменшігі ретінде тіркелгенін айтады. Ғимарат күрделі жөндеуден өткізілгеннен кейін «Московский молодежный центр “Планета КВН”» бекітілген мүлікке меншік құқығы берілмеген коммерциялық ұйым қарамағына беріледі. Аталған кәсіпорынның жетекшісі болып тағайындалған Александр Масляков кинотеатр ғимаратын «АМиК» ТШБ меншігіне өткізіп жіберген. Ал Transparency International оның басшылық құзыретін кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға құқығы болмағанын атап өтеді.
КВН баспасөз қызметі Александр Масляковтың директорлық қызметтен прокуратура тексерісінен соң емес, өз еркімен кеткенін айтады. Сонымен бірге оның атына түскен арыз-шағым туралы да әзірге ештеңе белгісіз. Прокуратура өтініші қаралып жатқан уақытта ол кәсіпорын директорлығы қызметінен кетіп қалғандығы айтылған баспасөз қызметі таратқан хабарда.