Аймақтар • 05 Қаңтар, 2018

Ақтауда сыбайлас жемқорлық мәселелері сөз болды

449 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақтауда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті. Жергілікті және орталық атқарушы органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ облыстық филиалының басшылары мен қызметкерлері қатысты.  

Ақтауда сыбайлас жемқорлық мәселелері сөз болды

Департамент қолдауымен мемлекеттік қыз­меттің оң имиджін және қоғамда сыбай­лас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қа­­лыптастыру мақсатында 698 іс-шара ұй­ым­дастырылып, 170 мыңнан астам адам қамтылған, сондай-ақ құрамына мем­­лекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйым­дардың, «Нұр Отан» партиясының, Өңір­лік кәсіпкерлер палатасының және басқа да саланың өкілдері енген облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ өз жұмысын бастап, аталған топ тұрғындар және еңбек ұжымдарымен 159 кездесу мен қоғамдық қабылдаулар өткізіп, жалпы саны 36 032 адамды қамтыды. Қазіргі таңда мобильдік топтар қалалық және аудандық деңгейлерде құрылып, азаматтардың шағымдарын жедел түрде қарауды жүзеге асырып келеді.

Жиында департаменттің сыбайлас жем­қорлық профилактикасы басқар­ма­сының бас­шысы Н.Айтжанов биылғы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша сыбайлас жем­қорлық профилактикасы саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, «Есіктен есікке», «Жолдарда сыбайлас жемқорлықты төмендетудің 10 қадамы» жобаларын жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қар­сы мобильдік және арнайы мониторинг топ­тарының, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп оқу­шылары клубтарының қызметі туралы, сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәу­екелдерін талдау және әкімшілік тә­жі­рибе қорытындыларын баяндады. 

Де­партаменттің мемлекеттік көрсетілетін қыз­меттер басқармасының басшысы Ж.Мар­шакұлы тұрғындарға мемлекеттік көр­сетілетін қызметтердің сапасын көтеру са­ла­сындағы негізгі бағыттарға тоқталып өтті. Бұдан басқа «Құпия тұтынушы» әдісі бойынша қоғамдық мониторингтің нә­тижелеріне, департамент тарапынан тексе­ру жұмыстары барысында анықталған заң­бұ­зушылықтар айтылды. 

Жиында ауыл тұрғындарына қолайлы жағ­дай жасау мақсатында ауыл әкімі аппа­раттары ғимараттарында штаттан тыс маман бөліп, арнайы компьютермен жабд­ық­тап, қала, аудан орталығына бармай-ақ, элек­тронды қызмет алу мүмкіндіктерін қа­рас­тыру жөнінде ұсыныстар беріліп, ол қа­ла, аудан әкімдері тарапынан қолдау тапты. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын іш­кі бақылау жұмыстарын жандандыру мақсатында, қала, аудан әкімі аппараттарында өз алдына ішкі бақылау бөлімін немесе дербес қызметін құру қажеттігі айтылған мә­жілісте мемлекеттік органдар басшыла­рына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл мен мемлекеттік көрсетілетін қыз­мет­тер саласындағы кемшіліктерді жойып, алдағы уақытта оларды болдырмау үшін нақты тапсырмалар берілді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы