Аймақтар • 09 Қаңтар, 2018

Ақтөбеде қос төбеттің мүсінін қардан жасады

860 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жергілікті жұрт «Бойна» атап кеткен ауданда Шалқар қаласының жас тұрғындары қазақы ит –төбеттің мүсінін қардан жасады.

Ақтөбеде қос төбеттің мүсінін қардан жасады

Оның бірі тұрған күйінде бейнеленсе, екіншісі жатқан қалпында сомдалған. Қардан тұрғызылса да кәдімгі мүсін өнерімен туыстас, әрі еншілес туындылардың шынайылығы мен төбеттердің тірліктегі тұрқына біршама жақындығы оны көріп тамашалаған жандарды таң-тамаша қалдырып отыр. Иттердің мүсіндерін жасау кезінде оны қатыру үшін су және түстерін табиғи түрге келтіруге қажетті аэрозольді бояу қолданылған. Осы идеяның авторы Қ.Жұбанов атын­дағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универ­ситетінің бейнелеу өнері және сызу факуль­тетінің 4-курс студенті Абылайхан Аманжол мүсінді жасауға екі күн уақыт кеткенін айтып берді. Оның айтуынша шығармашылықпен үндес бұл ерекше іске қолының шеберлігі бар ауыл тұрғыны Аслан Төретаев пен мектептегі мүсін және бейнелеу өнеріне бейімі бар жоғары сынып оқушылары сүбелі үлес қосыпты.

Қардан жасалған мүсіндердегі тұрған күйінде кескінделген төбеттің биіктігі төрт метрді құрайды.

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе облысы,

Шалқар ауданы