Қазақстан • 15 Қаңтар, 2018

Қазақ – қашанда қазақ! (15.01.2018)

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ – қашанда қазақ! (15.01.2018)

Үкілі домбырасын сермелеген,

Айтыскер ақын дарын елден ерен.

Сүйінбай, Жамбыл, Шөже, Біржандар-ай,

Сайыста сөзден есе бермеген ең.

 

Қазаққа құдіреттен бұйрық па еді?

Айтыста алады елді үйіріп, тегі.

Айтыстың аламанын қыздырады

Жүрсіннің арқыраған жүйріктері!..

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»