Қазақстан • 16 Қаңтар, 2018

Білікті мамандар дайындау – уақыт талабы

716 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауда табысты жұмыс істеп келе жатқан еліміздің нарықтық экономикалық моделін одан әрі жетілдірудің, дамудың жаңа сапалық кезеңіне көтерілудің ке­шенді стратегиялық жоспары белгі­ленді. 

Білікті мамандар дайындау – уақыт талабы

Елбасы төртінші өнеркәсіптік рево­лю­­ция әлеміне бейімделу мен жетіс­тікке жету жолын табу үшін не істеу қажет­тігін нақты айқындап берді.

 Мені ауыл шаруашылығы маманы ретінде «ақылды технологиялар» арқылы агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндіктері қатты қызықтырады. Ал­дымызға бес жыл ішінде АӨК-тегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл­шаруа­­шылық өнімінің экспортын кем деген­де 2,5 есеге арттыру міндеттері қойылды. Бұл тапсырма астықты өңірлер үшін өте ма­ңызды. Осы орайда біз астық өсірудегі көп­жылдық іс-тәжірибелерге сүйеніп келе­міз. Десек те тарихи құжатта атап өтіл­­­ген­дей, қолдағыны місе тұту, барға қана­­­ғат­­тану жеткіліксіз. Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік на­рық­тарға жоғары сапалы дайын өніммен шығу басты талаптардың біріне айналғанын, оған жету үшін бірінші кезекте аграрлық ғылымға, екіншіден, білікті кадрлар көме­гіне сүйенуіміз керек. Өкініштісі сол, осы әлеуетті толығынан пайдалана ал­май келе жатқанымызды мойындауға тиіс­піз. Біз­дің агрофирма егіншілік саласын қа­рыш­ты дамытып, озық технологиялар­ды кеңінен қолданып келеді. Гектар шы­ғым­­дылығы 20-22 центнерден кеміген емес. Соңғы жылдары астық өндірісін әрта­рап­тандыруға ерекше мән беріліп, май­лы дақылдар көптеп өсіріледі. Нөлдік тех­но­­л­огияларды қолдану, топырақ құнар­­лы­лығын арттыру қалыпты үрдіс саналады.

Жолдаудағы «егін егу мен астық жинаудың оңтайлы уақытын болжам­даудың, «ақылды суарудың», минералды тыңайтқыш себудің, зиянкестермен және арамшөппен күресудің интеллектуалды жүйелері арқылы өнімділікті бірнеше есе арттыруға болады», деген сөздер маған үлкен ой салды. Жаңа технология­лар мен бизнес-модельдерді енгізу, сөз жоқ, адам күшімен атқарылады. Осы тұрғыдан сөз қозғайтын болсақ, біз секілді алып шаруашылықтар да жан-жақты инновациялық сипатқа, интеллектуалды ақыл-ойға ие адами капитал күшіне мұқтаж. «Бюллер», «Джон-Дир», «Морис», «Кейс» секілді жоғары өнімді шетел­дік техникалармен жұмыс істеуге жас маман­дар тәуекел ете бермейді. Оның үстіне «Байер Круп Сайтес», «Монсанто» сияқты белгілі компаниялармен тікелей байланыс жасай­мыз. Әсіресе көктемгі, күзгі науқандар кездерінде білікті механизаторлар мен комбайншылар жетіспейді. Меніңше, озық технологияларды терең игерген мамандарды жан-жақты дайындау ісіне баса назар аудармай болмайды. Олар ағылшын тілін меңгерсе де, еш артықтық етпейді. Қазір мамандар колледждерде оқытылғанымен, тиянақты білім алып шығып жатқаны шамалы. Өйткені тәжірибе ретінде көбіне кеңес­тік үлгідегі техникалар ұсынылады. Бұдан кейін өзгерістерге бейім, білімді, білікті маман талап етудің өзі орынсыз. Біз асыл тұқымды ірі қара мал өсірумен де айналысамыз. Бұл сала да білікті кадрларды қажет етеді. Бүгінгі таңда индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналып келе жатқанын ескерсек, ауылдық жерлерде де ерекше маңызға ие болып отыр.

Сондықтан да аграрлық универси­теттердің рөлін қайта қарап, диплом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы кеше­нінде нақты жұмыс істейтін маман­дар даярлау қажет деген ұсыныс та көкей­ге әбден қонады. Жастарды жаңа техно­ло­гиялық қалыпқа икемдеу уақыт тала­бы екенін ұмытпайық.

Анатолий РАФАЛЬСКИЙ,
«Тайынша-Асық» ЖШС бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты

Солтүстік Қазақстан облысы,
Тайынша ауданы