The Merkle: Қазақстан Президенті G-Global деп аталатын жаһандық криптовалютаны ұсынып отыр

"The Merkle" басылымы "Қазақстан Президенті G-Global деп аталатын жаһандық криптовалютаны ұсынып отыр" деген атаумен мақала жариялады. Назарларыңызға осы мақаланың толық нұсқасын ұсынып отырмыз.

Егемен Қазақстан
16.01.2018 1494

Қазақстан дегенде адамдар цифрлы валютаны қолданатын елді елестете бермейді. Алайда, елде блокчейн индустриясы жақсы қолға алынған. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G-Global деп аталатын жаңа халықаралық криптовалюта құруды ұсынып отыр. Валютаның пайдасы мен зияны әлі нақтыланбағанына қарамастан, бұл бақылауға тұрарлық қызықты жоба болып отыр.

Қазақстанның G-GLOBAL жобасы - ойланарлық ұсыныс

Көптеген адамдар халықаралық қаржы жүйесінің жақсы жоба екеніне келісе бермейді. Мұнда ақшаны өзге елге жіберу өте қымбат. Ақша жіберуге кететін шығындарға қарамастан, бұл жағдай да уақыт өте келе нашарлап кетті, кешігулер көбейді. Алайда қазіргі жағдайды да жақсы деп айтуға келмейді, өйткені алда не болатыны әлі анық емес.

Бірақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселені толыққанды шешудің өте қызықты әдісін ұсынып отыр. Оның идеясы қарапайым және ақылға қонымды. Халықаралық деңгейде ақша аудару үшін жаңа халықаралық сандық валюта жасап шығару үлкен маңызға ие. Алайда, адамдардың көпшілігі түсініп болғанға дейін бұл мақсатқа қол жеткізу қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан, олар үшін қазіргі уақытта қосымша ақы төлегеннен басқа қолайлы жол жоқ.

Қазақстан жаһандық қаржы құрылымын өзгертуге арналған жаңа криптовалюта G-Global жобасын ұсынып отыр. Ол спекуляцияны, валюталық соғыс пен нарықтық құбылмалылықты төмендетуге арналған есеп айырысу және төлем бірлігі ретінде қызмет етеді. Алайда, бұл Bitcoin немесе Ethereum сияқты тұрақты криптовалюта болмайды, бірақ бұл мақсатқа қызмет ете алмайды дегенді білдірмейді. Қазақстан тұтынушылардың барлық талаптарын қанағаттандыратын ашық әрі оңай механизіммен жұмыс жасайтын жоба болғанын қалайды.

Бірақ бұл валютаның қалай жасалатыны әлі белгісіз. Бұл әлі де зерттеуді қажет ететін өзекті тақырып болып отыр. Әрине, жоқ жерден жаңа ғаламдық валютаны жасау оңай емес. Тіпті әлем мемлекеттері де мұны әлі жасай алған жоқ. Сондықтан Қазақстан басқа елдер бұл ұсынысты қарастырып, жаңа валюта жасауға мүмкіндік береді деп үміттенеді. G-Global «орталық банктердің күші» арқылы құрылуы бек мүмкін.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.08.2018

Дзюдошы қыздар үш жүлде алуды көздеуде

14.08.2018

Делдалшылар көмір бағасын қолдан жасап отыр

14.08.2018

Астанада «Сергек» камераларының көмегімен 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған

14.08.2018

Құқықтық талапты сақтаса шетел телеарналарына шектеу жоқ - Дәурен Абаев

14.08.2018

БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюын құптайды

14.08.2018

Қорытынды көрсеткіштер көңілге қонымды

14.08.2018

Қара жолдың қасиеті

14.08.2018

Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған көрме-байқауы өтті

14.08.2018

Қажымұқан көтерген тас

14.08.2018

Арал аумағында атқарылар шаруа көп

14.08.2018

«Хрущевкалардан» құтылудың тиімді тетігі

14.08.2018

Оқулық шығаруда олқылықтарға жол берілмеуі қажет

14.08.2018

Байзақ батыр кесенесі

14.08.2018

Жеті айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4% құрады — ҚР ҰЭМ

14.08.2018

Ұлы Абайдың туған күні тұңғыш рет Ташкентте тойланды

14.08.2018

Шәкәрімнің үш анығы

14.08.2018

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар саны өсуде

14.08.2018

Цифрлы қаржы: тез, арзан, тиімді

14.08.2018

Дулат Исабековтің кітапханасы ашылды

14.08.2018

Бекболат Әдетов шыққан белестер

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Халық санының артуы – елге құт

Халық санының артуы Қазақстан сияқты жер көлемі үлкен, халық саны аз мем­лекеттерге ежелден маңызды мәселе­лердің бірі болып келеді. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу