Қазақстан • 18 Қаңтар, 2018

Әзербайжан елшілігінде 1990 жылы Бакудегі қанды оқиғаға арналған көрме өтті

519 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандағы Әзербайжан Республикасының елшілігінде «Қара қаңтар» - Тәуелсіздік жолында» атты көрме өтті.

Әзербайжан елшілігінде 1990 жылы Бакудегі қанды оқиғаға арналған көрме өтті

Көрме 1990 жылы қаңтардың 19-ынан 20-на қараған түні Бакуде болған қанды оқиғаға арналып отыр. Әзербайжан Республикасының елшілігі келушілер назарына қайғылы түннің көріністерінен құралған фотоиллюстрацияны ұсынды.

«28 жыл бұрын қаңтардың 19-ынан 20-на қараған түні КСРО басшылығының бұйрығымен Бакуге әскерлер кіргізіліп, онда төтенше жағдай енгізілді. Осы түннің салдарынан болған қанды оқиға Әзербайжан тарихында «Қара қаңтар» деген атпен қалды. 1990 жылдың 20 қаңтарындағы оқиға КСРО-ның ыдырауын жылдамдатты және Әзербайжанның тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуына септігін тигізді. Бұл оқиға әзербайжан халқының рухын сындырмады, қайта сенімділігін арттырды. Бұл тәуелсіздік жолындағы күрес еді», - деді Қазақстандағы Әзербайжанның елшісі Рашад Мамедов.

Осы оқиға барысында қаза тапқан, жараланған және хабарсыз кеткен адам саны 1800-ден асты. Олардың көбі әзербайжандар, сондай-ақ, орыс, татар, еврей халқының өкілдері, әйелдер мен жас балалар, қарттар болды. Бұл қанды оқиға әзербайжан-армян халықтары арасындағы ұлт араздығының асқынуына себеп болды. Бакуге кіргізілген әскер құрамында көбі армян халқынан шыққан солдаттар мен офицерлер болғаны анықталды. Кеңестік билік органдарының ұлт араздығын қанды оқиғаға астастырған бұл шешімі КСРО Конституциясын, халықаралық-құқықтық нормалар мен Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы ережелерін өрескел бұзу, Әзербайжан елінің құқықтарын, республика заңдарын аяқасты ету деп саналып, халықаралық әлеумет тарапынан қатаң айыпталды.

Әзербайжанда жыл сайын 20 қаңтар күні қайғылы күн ретінде есептеліп, бүкіл халық аза тұтады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше