«Жаңа Салық кодексі қабылданды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі қолданылады. Бұл Салық кодексінің үшіншісі. Алғашқы кодекс 2001 жылы қабылданды. Екіншісі 8 жылдан кейін, яғни 2009 жылы, ал 9 жылдан кейін жаңа Салық кодексі күшіне енді. Онда қандай өзгеріс бар және алдыңғы екі кодекстен айырмашылығы қандай? Бірінші кодексте нормалар жүйеленді, екіншісі салықтық жүктемені төмендетті, үшінші кодекстің міндеті идеологияны өзгерту және жеңілдету болып табылады. Жалпы алғанда, жаңа Салық кодексі идеологияны өзгертуді, ынталандыруды енгізуді және әкімшілендіруді жеңілдетуді көздейді. Сонымен қатар салық төлеушілерді қорғауға бағытталған, экономиканың түрлі салаларын ынталандыруға, әкімшілендіруді жеңілдетуге және де салықты өз бетінше төлеуге ықпал етеді. Мысалы, егер көлік ұрланса, иесі көлік салығын төлеуді жалғастырмайды. Іздеулер ұзақ уақытқа созылады, бір жыл және екі немесе одан да көп. Бұған дейін иесі тіркелімнен шығарылғанға дейін салықты төледі, енді ол қажет емес. Жылжымайтын мүлік салығы, жер салығы енді жылдың аяғында төленуі тиіс. Мысалға, 2017 жылғы салықты 2018 жылдың 1 қазанына дейін төлеуге тура келеді», деді Руслан Дәленов.
Сонымен қатар ол жаңа идеология, ынталандырулар мен әкімшілендірудің жаңа әдістері сапалы жақсартулардың негізін қалыптастыратынын алға тартты.
«Салықтық жаңашылдықты енгізу арқылы салықтық даулар азаяды, тексерулердің саны төмендейді, әкімшілендіру жеңілдейді. Шикізат өңдеу ынталандыруға ие болады, несиелеуге қолдау жасалады, АӨК және ШОБ қолайлы режімге ие болады. Салықтық саясат тұтас алғанда айқын әрі түсінікті болады», деді Р.Дәленов.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»