Қазақстан • 30 Қаңтар, 2018

Тыйым салынған материалдар мен сайттар анықталды

1720 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жүргізген діни сараптама жұмыстары барысында 2017 жылы 4 332 материалға (діни әдебиеттер, діни бағыттағы басқа да материалдар) зерттеу жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 196 нысанға теріс қорытынды берілді. 

Тыйым салынған материалдар мен сайттар анықталды

Сараптама жүргізудегі мақсат – Конституция нормалары мен Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңнамасына, аза­мат­тардың құқықтары мен бостан­дықтарына теріс әсер ететін заң бұзу­шы­лықтарды анықтап, оларға сараптама жасау. 

Діни сараптама объектілеріне діни мазмұндағы және діни бағыттағы нысандарды қамтитын ақпараттық материалдар, рухани (діни) білім беру бағ­дарламалары, жарғылық және діни мазмұндағы басқа да құжаттар жатады. Бұл ретте діни әдебиетті, діни мазмұндағы басқа да ақпараттық материалдарды, заттарды тарату діни ғимараттарда, рухани (діни) білім беру ұйым­дарында, сондай-ақ Астана мен рес­публикалық маңызы бар қалаларда, облыстардың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген стационарлық орындарда ғана рұқсат етіледі. Елімізде діни материалдар мен бұйымдарды саудалауға арналған 257 арнайы орын бар.

Жеке пайдалануға арналған заттарды қоспағанда, ел аумағына діни мазмұндағы ақпараттық материалдар­ды әкелуді діни сараптаманың оң қо­ры­тындысын алғаннан кейін ғана тір­келген діни бірлестіктер жүзеге асыра­ды. Бұдан бөлек, діни экс­тре­ми­змді наси­хаттауға қарсы іс-қи­мыл интернет-ресурстарды талдау арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, 2017 жылы тек аталған министрлік 

10 174 интернет-ресурстың мазмұ­нына сараптама жүргізіп, оның ішінде 3 555 сайттың заң бұзушылық бағыттағы қызметін анықтады. Заң бұзушылықтар анықталған сайттар бойынша теріс сараптамалық қорытындылар Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін  жіберіледі.

«Егемен-ақпарат»