Президент • 01 Ақпан, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Пре­зи­дентімен телефон арқылы сөйлесті

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Рес­пуб­ли­касының Пре­зи­денті Режеп Тайип Ер­доған­мен телефон ар­қылы сөй­лесті, деп хабар­­ла­ды Қазақстан Рес­пуб­ликасы Пре­зи­­­денті­н­ің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Пре­зи­дентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастық пен өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Сириядағы қазіргі ахуалды талқылады.

Екі ел көшбасшылары Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің кезекті саммиті жөнінде пікір алмасты.

Р.Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоға­ры деңгейдегі стратегия­лық кеңестің кезекті отыры­сына қатысу үшін Анкараға шақырды.

Телефон арқылы сөйле­суге Түркия жағы бастамашы болды.