Үкімет • 01 Ақпан, 2018

Қырғызстанның ЕАЭО қосылуы туралы шартқа қатысты хаттаманы ратификациялайтын заң жобасы мақұлданды

292 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Кеше Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Бекітілген күн тәртібіне сай, депутаттар коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысты және Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шартқа қатысты хаттаманы ратификациялайтын заң жобасын талқылап, мақұлдады.

 

 

 

 

G

M

T

 

 

Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский

 

АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Звуковая функция ограничена 200 символами

 

 

Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Қырғызстанның ЕАЭО қосылуы туралы шартқа қатысты хаттаманы ратификациялайтын заң жобасы мақұлданды

Алдымен коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу жөнін­дегі заң жобасы туралы Дін іс­­тері және азаматтық қоғам ми­­нистрі Нұрлан Ермекбаев баян­­дама жасады. Мемлекеттік әлеу­­меттік тапсырысты іске асы­ру­дың тиімділігі мен ашық­ты­­ғын арттыру арқылы сала­лық заңнаманы жетілдіру мақ­­сатында әзірленген заң жоба­сы­ның нормаларында озық үлгі­дегі әлемдік тәжірибелер алын­ған. «Атап айтқанда, Ұлы­бри­тания, Канада, АҚШ, Поль­ша, Франция мен Хорватия сияқ­ты елдердің халықаралық тәжі­ри­бесі зерделенді. Сондай-ақ мұн­да мақсатты топтардың қа­жет­тіліктеріне талдау жасау, зерделеу және үкіметтік емес ұйым­дар­дың ұсыныстары негізінде ме­м­лекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру про­цес­інің бірыңғай тәсілдері бел­­гі­­ленді. Сонымен қатар мем­­ле­кет­тік әлеуметтік тапсырыс нәти­желерін бағалауды енгізу жолдары да жоспарланды. Бұл әдіс халыққа көрсетілген қыз­мет сапасына қанағаттану дең­гейі мен жоба тиімділігін анық­тауға мүмкіндік береді», деді Н.Ермекбаев.

Министрдің айтуынша, атал­ған заң жобасы аясында үкі­мет­тік емес ұйымдар көрсететін мем­­лекеттік әлеуметтік тап­сы­рыстың сапасы мен шартына, мазмұнына бірыңғай талаптар күшейтіліп, стандарттарын біріз­дендіру көзделген. Сол сияқ­ты мемлекеттік әлеу­мет­тік тап­сырысты іске асыру, грант­­тар­ды ұсыну және сый­лықақы­ларды беру бағыттары да нақтыланған.

Отырыста Мәжіліс Спи­кері ауылдық жерлердегі үкі­мет­тік емес ұйымдар мен ірі қа­лалар­дағы ұйымдар деңгейінің айыр­машылығы бар екеніне назар аударып, арнайы конкурстарда ауылдағы үкіметтік емес ұйым­дардың грантты да, мем­ле­кет­тік әлеуметтік тап­­сы­рыс­­ты да жеңіп алуы оңай­­ға түспей­­тін­дігін тілге тиек етті. «Жо­ға­ры­да атап өт­кен әлеу­мет­тік стан­дарттар дайын­дал­ған кез­­де міндетті түрде ауы­л­дың жағ­дайын ескеру керек. Себебі ауыл­дың да, қаланың да өз ерек­ше­ліктері бар. Сондықтан стан­дарт­тарды енгізгенде осы ерек­ше­ліктерге қарай тиісті жағдай жасалуы қажет», деді Н.Нығматулин.

Ал бұл мәселеге қатысты қо­сым­ша баяндаманы Мәжіліс­тің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Сауытбек Абдрахманов жасады. Жал­пы аталған заң жобасымен жұ­мыс істеу барысында қосым­ша «Әкімшілік құқық бұзу­шы­лық туралы» кодекс пен «Тұ­тыну­шылардың құқықтарын қор­ғау туралы», «Мемлекеттік көр­сетілетін қызметтер туралы» және «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңдарға біршама түзетулер енгізілгені айтылды.

Сонымен қатар отырыс ба­­рысында Ұлттық эконо­м­­и­ка министрі Тимур Сүлейменов­тің таныстыруымен «2014 жыл­ғы 29 мамырдағы Еура­зия­лық эко­номикалық одақ тура­лы шарт­қа Қырғыз Респуб­ли­ка­с­ы­ның қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қо­йылған шарттың жекеле­ген ере­желерін қолдану тура­лы хаттаманы р­ати­фика­ция­лау туралы» заң жоба­сы де­пу­тат­­тар тарапы­нан қол­дау­ға ие болды. Министр­дің мә­лім­деуінше, бұл заң жобасы 2017 жылғы 11 сәуірде Мәс­кеуде жа­са­лып, Хаттаманы рати­фи­ка­циялауға бағытталған. «Айта кетейін, Одаққа Армения мен Қырғызстанның кіруіне бай­ланысты, Еуразиялық эконо­ми­калық одаққа мүше әрбір мемлекетке кедендік кіріс баж­дарының сомаларын нормативке сәйкес үлестіруге арналған Хат­таманы ратификациялау бүгін қаралып отырған заң жо­ба­сының бас­ты мақсаты болып табылады. Сондықтан да құжат Еуразия­лық экономикалық одақ туралы шарттың шеңберінде біз­дің мемлекетіміз алған бір­қатар міндеттемелердің орын­­далуын қамтамасыз ету үшін қажет. Заң жобасымен ұсы­ны­лып отыр­ған Хаттама эконо­ми­ка­дағы интеграциялық үдеріс­­терді дамытуға және қатысу­шы-мем­лекеттердің араларында өзара тиімді серіктестік қа­рым-қа­тынастарды орнатуға мүм­­кін­дік жасайды», деді Т.Сүлейменов.

Мәжі­лістегі Экономикалық рефор­ма және өңірлік даму ко­ми­тетінің дерегіне сүйенсек, Хатта­мада Еура­зия­лық одақ­қа мүше әрбір мем­ле­кет үшін кедендік әке­лу баж­дары­­ның сомаларын бөлудің норматив­теріне қатыс­ты ережелер қамтылған.

Күн тәртібіне шығарылған мәселелер қаралып болған соң, халық қалаулылары тиісті ведомство басшыларының атына депутаттық сауалдарын жолдады. Айталық, депутат Гүлнәр Би­­жанова халықты жұмыспен қам­­ту­дың мемлекеттік бағ­дар­ла­масы аясында стартап жобалар­дың жүзеге асуына қатысты проб­леманы көтерсе, депутат Магеррам Магер­рамов Үкімет назарын маман­дан­дырылған мектеп­терде немесе мүгедек балалар­ға ар­налған сыныптарда сабақ беретін мұғалімдер мә­се­­лесіне аударды. «Негізгі мә­се­­ле аталған білім беру орын­дарында оқы­ту процесіне арнал­ған қажет­ті оқу құралдары, сон­­дай-ақ мұғалімдер, басқа да мамандар жетіс­пейді. Ол аз­дай, мүгедек бала­лар­дың үйіне барып оқыта­тын мұға­лім­дер жол шығындарын өз қал­­та­сынан төлеуге мәжбүр болып келеді» деді депутат. Ал де­путат Кәрібай Мұсырман Премьер-Министр орынбасары Асқар Жұмағалиевтың аты­на жолдаған сауалында ел тұр­ғын­дарын «Электронды үкімет» веб-порталымен жұмыс істеуге жаппай үйрету қажет деген ұсынысын білдірді.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»