Қазақстан • 12 Ақпан, 2018

Сенатор бұрынғы міндеттерді де ескеру қажет деп санайды

221 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Жуырда сенатор Дулат құсдәулетов Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, өзін толғандырған бірқатар мәселеге тоқталып, олардың шешімін табу кезек күттірмейтін іс екенін атап өтті. Ол жалқы дүниелерді емес, жалпы дүниелерді қамтитын болғандықтан күнделікті сауалдарға қарағанда ұзақтау жазылған. Біз төменде сенаторды ғана емес барша қазақстандықтарды толғандырып жүретін сол мәселелердің біразын жариялап отырмыз.  

Сенатор бұрынғы міндеттерді де ескеру қажет деп санайды

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық Жолдау­ларын­да мемлекеттік саясат­тың бірінші кезектегі мәселесі – қазақ­­­стандықтардың барлық топ­­­­тарының әлеуметтік ахуалын жақсарту екендігін бәріміз жақсы білеміз. Еске түсірсек, Елбасы 1997 жылғы Жолдауының өзін­де мемлекеттің күнбе-күнгі жұмы­сы халықтың әл-қуатын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес екендігі ай­тылған. Содан бері Елбасы жыл сайын осы бағыттағы жұмыс­тар­ды кезең-кезеңмен арттыру керек­тігін айтып, Үкіметтің алдына нақты мін­деттер қойып келеді.

Өкінішке қарай атқарушы органдар жаңа міндеттерге қатысты көрсеткіштерге көбірек назар аударып, бұрынғы міндеттерді ұмытып, азаматтардың өзекті проблемаларын шешуді аяқсыз қалдырып жатады. Осындай келеңсіз практика жылдан жылға жалғасып, қоғам үшін аса маңызды реформаларды жартыкеш күйде қалдыруға соқтыруда. Осы­ның өзі халық арасында әлеуметтік күйзелістің тууына себеп болып, тұрғындардың билікке деген сенім­сіздігін күшейтіп және осы тен­денцияның артып келе жат­қанын жасыруға болмайды. Олар адамдардың өмір сүру ахуалына тікелей әсер ететін келесі салаларда айқын көрінеді.

Денсаулық сақтау. Осы ми­нистрлік алқасының 2013 жылы болған отырысында «алдымен пациент, артынан ақша» деген қағидат іске асуда екендігі айтылды. Өте тамаша қағидат, бірақ ол тек қағаз жүзінде қалған. Бізде алдымен сырқаттың ақшасын қағуға тырысушылық басым. Сырқат жандар сапалы стационарды таңдау құқына қол жеткізе алмайды. Ол ол ма, Республикалық диагностикалық орталықтағы кардиологтың немесе басқа да білікті маманның қабылдауына қол жеткізу үшін айлап күтуге тура келеді. «Порталға» ену үшін жергілікті маманның қоры­тын­дысы керек. Бұл проблема ай­мақтарда тіпті күрделеніп кет­кен. Осы процедураның өзі меди­­­циналық қызметкерлер ара­сында «бармақ басты, көз қыс­ты» әрекеттерге жол береді, ал білік­тілігі төмен дәрігерді жауапқа тартпақ болсаңыз, бірін-бірі қор­ғаған корпоративтік қарсылық жағ­дайында ол мүмкін емес.

Осының бәрі азаматтарымызды сол емхананың өзіндегі немесе соның қызметкерлері қосалқы түрде жұмыс істейтін жекеменшік клиникада ақылы түрде емделуге мәжбүр етеді...

Жуырда медицина қызметкер­лері тұрғындардың балаларға екпе жасаудан бас тартып жатқанын айтып дабыл көтерді. Алайда бұған алдымен өздері кінәлі екендігін жасырып қалды. Өздерінің сапасыз вакциналарды еккенінен және басқа да өз тараптарынан жіберілген қателіктерінен талай бүлдіршін көз жұмды емес пе? Сондықтан да халық екпеден қорқады. Өз жұмысына жауапсыз қарайтын дәрігерлер кейде науқастың ауру тарихын зерттемей, оған ішуге не егуге болмайтын дәрілерді жазып береді.

Дәрі-дәрмекпен тегін қамта­масыз етілуге тиістілер де оған қол жеткізе алмай жатады, мысалы қант диабетімен ауыратындар тегін дәріге қол жеткізе ал­мағандықтан бәрін өз ақшасына алады.

Мектепке дейінгі және мек­теп­тегі білім. Балабақшадағы орын­­дардың жетіспеушілігіне еті­міз үйренгені сондай, оған қарсы кү­ресуге болмайтындай көрі­неді. Мектеп оқулықтарының сапа­сыздығы, ондағы ақылға қонымсыз тапсырмалар, кітап-дәптерлер сал­мағының бүлдіршіннің еңсесін езетін ауырлығы, жасөспірім­дер арасында криминалдық идео­логияның таралуы немесе өзіне-өзі қол жұмсауға икемдейтін насихаттар және т.б. оқу-білім саласына жіті көзқарасты бақылау орнатуды қажет етеді. Балалар елдің болашағы, сондықтан олар­дың жақсы азамат етіп тәрбиелеу стра­тегиялық міндет. Сабақ уа­қыт­тарынан тыс болатын қо­сым­ша үйірмелер мен спорттық сек­циялардың бәрі ақылы, оларға балаларын жіберуге көптеген ата-аналардың қолы жете бермейді. Сондықтан ондай балалар қайда барарын білмей бос жүріп, ақыры криминалдық ортаға тап болып жатады.

2015 жылдан бастап бизнеске қосымша кедергі келтіреді деген сылтаумен мектептерден 100 метр­ге дейін қашықтықта болуға тиіс­ті арақ-шарап сататын дүкен­дерін қайтадан жақыннан ашуға рұқ­сат бердік. Осының салдары­нан арақ-шарап ішкендер мен шылымқорлар мектеп ау­ласына кіріп, спорттық алаң­дар­да отырып, ойнап жүрген бала­ларға жаман үлгі көрсететін болды.

Сенатор Д.Құсдәулетов бұлар­дан басқа еңбек қатынастарын­дағы, ТКШ жетілдірудегі, үлес­кер­лік құрылыстағы, сатып алушы­ның құқығын қорғау мәселе­сін­дегі, қауіп­сіздік саласындағы көпте­ген олқылықтарды атап өтіп, Премьер-Министрге осы тарап­­­тағы жұмыстарды жетілдіру қажет екендігін жеткізді. Сонымен бірге ол мемлекеттік қызмет көр­сету саласында да толып жат­қан олқылықтар бар екеніне назар аударады. Өткен жылдың қоры­тындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша республикада бірінші орын алыпты. Бірақ Мемлекеттік қыз­мет істері жөніндегі агенттік бір жылда 1355 бұзушылықты анық­таған екен... Бірінші орын алған об­­лыстағы бұзушылықтар саны осын­дай болғанда басқа облыс­тарды мысалға да алуға болмайды ғой, дейді сенатор.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан»