Жолдауда инновациялық экожүйе жетістігінің негізгі факторы ретінде экономиканың нақты секторындағы жаңа технологияға сұраныс пен жеке нарықты қаржыландыру мәселесі орынды көтерілген. Нұрсұлтан Назарбаев төртінші өнеркәсіптік революцияның аясында жұмысты қайта жандандыру үшін адам капиталына басымдық беріп отыр. Мәселен, еңбек өнімділігін айтарлықтай жоғарылату мақсатында егінді егу мен жинап алудың тиімді мерзімін заманауи технологиялар арқылы анықтап, «ақылды суару», минералды тыңайтқыштарды және арамшөп отауды интеллектуалды жүйе арқылы жүзеге асыру қажеттігі нақты айтылған.
Мемлекеттік басқару мекемелері елді жаңғырту барысында өз тарихын, тілін, мәдениетін білетін адамдардың қоғамын қалыптастыруды жүзеге асыруы тиіс. Осы орайда айта кету керек, әрбір қазақстандық шетел тілдерін меңгеріп, заманауи және жаһандық көзқарасқа ие болуы қажет.
Негізінде, Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында қазақстандық қоғам мен мемлекеттің келешектегі даму бағыты айқын көрсетілген. Бұл өз кезегінде елдің уақыт талабына сай дамуына мүмкіндік береді.
Александр БАЙЧОРОВ,
философия ғылымдарының докторы, профессор (Беларусь)