Қазақстан • 19 Ақпан, 2018

Ауаның ластануы алаңдатып отыр

24406 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Соңғы жылдары ауаның ластану проблемасы дүние жүзін алаңдатып отырған өзекті мәселеге айнала бастады. Біздің елімізде де ол байқалмай отырған жоқ. Елімізде өнеркәсіп пен өңдеуші кәсіпорындар, жылу-энергия орталықтары және де көлік түрлерінің саны артқан сайын олардың ауа қабатына шығаратын улы газдары көбеймесе, азайып отырған жоқ.

Ауаның ластануы алаңдатып отыр

sabaqtar.kz

Статистикалық мәлі­мет­­терге жүгінетін болсақ, жал­пы Қазақ­стан бойынша жыл са­йын атмосфераға түрлі ста­цио­нарлық көздерден 2,5 миллион тоннадай, ал бір ғана кө­лік­тердің улы газдарынан 1 мил­лион тоннадан асатын зиян­­ды заттар шығарылады екен.

Еліміздің көптеген қала­ларын­да және өнеркәсіп кәсіп­­орын­дары көбірек шо­ғыр­лан­ған аймақтарда атмо­сфера­лық ауа сапасының жа­ғым­сыз жағ­дайларының қалып­тас­қан­дығы және мұның сол жерлердегі халықтың ден­сау­­лы­ғына қауіп тудырып отыр­­­ған­дығы да жасырын емес.

«Қазгидромет» республи­калық мемлекеттік кәсіп­орны­ның мәліметтері бойынша, 2017 жылы еліміздің ірі қала­ларында атмосфералық ауаның жоғары ластануы­ның 990, ал экстремальды, яғни аса қауіпті ластанудың 98 оқиғасы тіркеліпті. Атап айтқанда, бір ғана Атыраудың өзінде ауа қабатының жоға­ры ластануының 357 оқиға­сы және өте жоғары ласта­нуы­­ның 75, Өскеменде жоға­ры лас­тану­дың 419 және өте жоғары ластанудың 18 оқиға­сы тіркелген.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының са­рап­­шылары жариялаған мониторингке сәйкес қазір хал­қымыздың 5 миллионға жуығы немесе шамамен 30 пайызы еліміздің атмосфералық ауасы ластанған, ал, 2 миллиондай тұрғынымыз ауасының ластану деңгейі өте жоғары өңірлерде тұрып, өмір сүруде.

Биылғы қыста Теміртау қаласы мен қала аумағына ақ қардың орнына «қара қар­дың» жауғаны үлкен қо­ғам­дық пікір туғызды. Ке­йін анықталғанындай, бұл атмосфералық ауа лас­­­т­ан­у­ы­н­ы­ң әсері болып шықты.

Алматы қаласының атмо­сфералық ауа бассейнінің сапасы да бүгінгі күннің өзекті әрі өте күрделі мәселесіне айналып отыр. Сонымен бірге ауа қабатын ластайтындай ірі кәсіпорындардың жоқтығына және орографиялық жағдайы қолай­лы болғанына да қара­мастан, өкінішке қарай Астана қаласы да ауа ластануының деңгейі жоғары қалалар санатына кіріп отыр.

Сондықтан қазіргі қалып­тасып отырған экологиялық жағдайды жақсартуға, соның ішінде әсіресе, ауа қабаты лас­тануының жоғары деңгейін болдырмау үшін Үкімет тарапынан төмендегідей жүйелі шаралар қабылдау қажет деп санаймыз:

- өнеркәсіп орындарынан шығатын ауаны ластайтын зиянды заттардың сол аймақ­қа немесе жақын маңдағы ел­ді мекендерге тигізетін әсері­нің ең жоғарғы рұқсат етілген шы­ғарындылар шегі мен қор­шаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің жиынтық томын әзірлеу;

- өңірлердің экологиялық жағ­дайларын жақсарту мақ­сатында ауа қабатына улы заттарды шығаруды азайтуға бағытталған кешенді шаралар жоспарын жасау;

- атмосфералық ауа қабаты­нының сапасын және оның өнеркәсіп кәсіпорындарының санитарлық-қорғау айма­ғын­да тұрып жатқан халықтың денсаулығына әсерін бақылап отырудың жүйелі шараларын жасау;

Сонымен бірге өнеркәсіп кәсіпорындарының метро­логиялық қолайсыз жағдайда ауаға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін азайтуы мен автокөліктердің түтіндеуі мен оның улылығы деңгейін бақылауды күшейту қажет.

Біз осы мәселелерді көр­сете отырып, осының шеші­мін табуды өтініп, Премьер-Министр Бақытжан Сағын­таевтың атына депутат­тық сауал жолдадық.

Рашит ӘКІМОВ,

Сенат депутаты