Облыс орталығындағы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Жүсіптің 160 жылдығына арналған «Ғұлама тағылымы» көрмесі өткізілді. Енді «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ғұламаның мұралары сандық жүйеге көшіріледі.

Білім және ғылым министрлігіне қарасты Алматыдағы Орталық ғылыми кітапхана қызметкерлері көрмеге Мәшһүр Жүсіптің 29 көне қолжазбасын әкеліпті. Көрмеге кітапхана қорында сақталған Мәшһүр Жүсіптің қолжазбалары, ескі кітаптары және қазақ зиялыларының жазған хаттарының түпнұсқалары қойылды. Орталық ғылыми кітапхана меңгерушісі Қарлығаш Қаймақбаеваның айтуынша, 29 құжаттың 25-і - қолжазба болса, қалғандары «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» және екі «Хал-ахуал» кітаптары. Бұл кітаптар ғылыми кітапхана қорында 1950 жылдардан бері сақталуда.
Баянауылдық ғұлама Мәшһүр Жүсіп (1858-1931) – ақын, философ, жылнамашы, этнограф, тарихшы, шежіре мен халық ауыз әдебиетін жинаушы белгілі ағартушы. Ташкент, Бұқара мен Түркістанға барып, Шығыстың ғалымдары мен ойшылдарының мәдениетін, шығармаларын зерттейді. Араб, парсы, орыс тілдерін меңгереді. Өлеңдері, мақалалары 1888 жылы «Дала уәлаяты» газетінде жарияланады. 1907 жылы Қазанда «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Өмірлік тәжірибе», «Хал-ахуал» туындылары жарық көреді. 1905 жылы патшалық манифесті сынағаны үшін қудаланады. Шығыс мақамында жазылған «Ғибратнама», «Гүлшат-Шеризат», «Баяннама» дастандары, «Көшпелі болған жұрттың шаруасы», «Анама хат» өлеңдері бар. Ел аузынан Бұқар жырау, Шортанбай, Шөже шығармалары мен Абай, Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдерін жазып алған.
Сонымен бірге, Баянауылдың Ескелдідегі мемориалдық музейінен әкелінген Мәшһүр атамыздың жеке заттары-Құран, мұстек қобдишасын, жез леген, кісе белбеу, әмиянын, шақшаларын, көзілдірігін де көрмеден көресіз.
Еліміздің «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» бағдарламасы бойынша әзірленген жобаға біздің облыстан 78 киелі орын қосылды. Жобадағы рухани орынның бірі-Баянауылдағы Мәшһүр Жүсіп кесенесі. Кесене Жаңажол ауылы маңындағы Ескелді биігінде орналасқан.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбековтің айтуынша, ғұламаның мерейтойына арналған рухани мәдени шаралар алдағы тамыз айында республикалық ғылыми-практикалық конференциямен жалғасса, Баянауылда айтыс, Мәшһүртану оқулары өткізіледі.
Фарида Бықай
«Егемен Қазақстан»
Павлодар
Суретті түсірген Әлия Саматова
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар