Руханият • 19 Наурыз, 2018

Таңсық ертегілердің таңғажайып әлемі (Фотокөрме)

772 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Былтыр Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық байланыстың 25 жылдығына орай екі елдің рухани өмірі мен мә­д­ениетін тоғыстыруға бағыт­тал­ған бірқатар танымдық шара­лар өткен еді. Сол игі дәстүрдің жал­ғасы ретінде Ә.Қастеев атын­­дағы Мемлекеттік өнер музейінде «Тілдің күші халық­тар­­­ды қалыптастырады. Аға­й­ын­­ды Гриммдердің өмірі мен шы­­­ғар­­машылығы» атты ерекше көр­ме алматылық көрерменге ұсы­­нылды.

Таңсық ертегілердің таңғажайып әлемі (Фотокөрме)

Ағайынды Гриммдер тек неміс еліне ғана емес бүкіл Еуропаға, одан қал­са Батыс елдеріне танымал тұлғалар. Олар­дың шығар­ма­­шылығы әлемдік мәде­ниеттің жау­һары саналады. Якоб және Вильгельм Гриммдер – романтизм дәуірінде пайда болып, оның гүлденген шағында өмір сүр­­ген, германистиканың негізін салу­шылар. Өз халқын жақсы білу­ге деген құлшынысы, ауыз әде­бие­тіне, халықтық тіл мен мә­дениетке ықы­ластарының оянуы – соның көрініс­те­рінің бірі. Ағайынды Гриммдер Ге­р­­мания­дағы ұлттық бір­тек­тестік пен тілдің дамуына зор үлес қос­ты. «Ха­лық поэзиясы» мен «ха­лықтық тіл­дің» маңыз­ды­лы­ғына баса мән бере отырып, олар көптеген халықтардың ұлт­тық рухының өркендеуіне мүм­кіндік туғызды. Олардың шы­ғар­машылығы неміс және Еуропа мәдениетіне едәуір ықпал ет­ті. Көрмеге қойылған «Қызыл телпек», «Күлбикеш» және «Ұй­қыдағы ару» сияқты әлемге әйгілі же­келеген ертегілерге жасаған иллюстрациялар – осының айқын мысалы.

«Тіл мен композицияның ерекше­лік­терін сақтай отырып, ағайынды Грим­мдер неміс ауыз әде­биеті ертегілерінің ерек­­ше­ліктерін жеткізіп, оларға көр­кем әде­биетке тән сипат берді. Же­лілік оқи­ғалардың қа­ра­пай­ымдылығы мен айқын­дығы және мазмұнның тереңдігі – Грим­мдер ертегілерінің айрықша қасиеттері. Олар­дың «Бремен му­зыканттары» әр заманда ел­дерді аралап, саяхаттарын жал­ғастырып келеді. Аталған көр­­ме­ Кассель қаласындағы «Ағай­ынды Грим­­м­дер қоғамы» ҚҰ бас­қарушы дире­к­т­оры, доктор Бер­нхард Лауэр мыр­заның бас­шы­лығымен ұйым­дас­тырылып отыр. Көрме жұ­мы­сы үш ай бойы жал­ға­сатын болады», дейді Мемлекеттік өнер­ музейінің директоры, профессор Гүл­мира Шалабаева.

Көрменің ашылу салтанатына арнайы келген Германияның Қазақстандағы елшісі Рольф Мафаэль осынау ғажайып өнер туындылары Қазақстан мен Гер­мания арасындағы достық қарым-қат­ы­нас­ты одан әрі ны­ғайтып, рухани байланыс ор­натуға жол ашатынын жеткізді. «Қазақстан мәдениеті мен тарихы бай мем­лекет. Бұл елде өнер өте жоғары ба­ғаланады. Астанадан басталған бұл көр­ме Қазақстанның рухани орталығы са­налған Алматыға да келіп отыр. Әлем­дік шығармалар халықтың ыстық ықы­ласына бөленеді деп сенеміз», дейді Рольф Мафаэль.

Сондай-ақ көрменің ашылуына келген Бас консул Йорн Розенберг пен «Ағай­ынды Гриммдер қоғамы» ҚҰ бас­­қа­ру­шы директоры, доктор Бер­н­хард Лау­эр бұл өнер туындылары адам­­­зат тарихындағы ерекше ма­­ңызға ие жә­ді­гер­лер екенін, көрменің жас көрер­мен­де­ріне үлкен әсер сыйлайтынын айтып өтті. Шынында да көрмеге қойы­лған әр кар­тинаға үңіл­ге­ні­­мізде бала кезімізде оқы­ған таң­­ғажайып ертегілер әлемінде сая­­хаттап жүргендей әсерге бө­лендік.

Таңсық ертегілердің таңға­жайып әлемі...

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ