Қазақстан • 10 Сәуір, 2018

Дін істері және азаматтық қоғам ми­нистр­лігі қоғамдық бақылау жүргізеді

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дін істері және азаматтық қоғам ми­нистр­лігі еліміздің барлық өңірлерінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс­ты жүзеге асыру үрдісіне қоғамдық бақылау жүргізеді. 

Дін істері және азаматтық қоғам ми­нистр­лігі қоғамдық бақылау жүргізеді

Аталған жұмыстарды жүзеге асыруға «Де­сента» қоғамдық қоры, «Қазақстан жас­тарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі, «ЗУБР» консалтинг-орталығы сияқты қоғам­дық ұйымдар қатысатын болады.

Қоғамдық мониторинг шеңберінде мем­лекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде (әлеу­меттік зерттеулер, фокус-топтар, жұрт­­­­шылықпен жүргізілген сауалдамалар) қыз­мет көрсету сапасы туралы ақпаратты жинау және талдау жұмыстарын өткізу жос­парлануда.

Дін істері және азаматтық қоғам министр­лігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің мә­ліметінше, Мемлекеттік әлеуметтік тап­сырыстың мониторингі – қызметтердің сапасын жүйелі жақсарту мен мемлекеттік әлеу­меттік тапсырыстың тиімді құралы болып табылады. Ол мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қызмет көрсетулерге жүгінетін ха­лықтың, ең алдымен, азаматтардың әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға баға береді.

Жоба қорытындысы бойынша әлеуметтік ма­ңызы бар жобаларды тиімді іске асыруды қам­тамасыз етуге бағытталған жедел шаралар қабылдау үшін ұсыныстар әзірленетін болады.

«Коммерциялық емес ұйымдардың қызме­ті туралы Қазақстан Республикасының кей­бір ­заңнамалық актілеріне өзгерістер мен то­лық­ты­рулар енгізу туралы» заң жобасының шең­берінде әлеуметтік жобаның тиімділігін және халықтың қызмет сапасына қанағаттану дәрежесін анықтайтын мемлекеттік тапсырыс­тың нәтижелерін бағалауды енгізу жоспарланып отыр.

2018 жылы еліміз бойынша 2 066 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Олардың ішінде 40 жоба республикалық деңгейде, 2026 жоба өңірлік деңгейде іске асырылатын болады.

«Егемен-ақпарат»