Ұлттық код – тіл мен діл

Бүгінгі жастар кешегі ата-баба аманатын арқалаушы буын. Ол аманат – Алтай мен Атырау арасындағы ұлан-ғайыр жер. Кіндік қанымыз тамған Отанымыздың тұтастығы. Сонымен бірге ұрпақтан ұрпаққа әкенің қанымен, ананың сүтімен беріліп келе жатқан тектілік атты «ұлттық кодымыз». Ұлттық код – ұлтымыздың даралық ерекшелігі әрі өзіндік қасиеті.

Егемен Қазақстан
16.04.2018 5445

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «ХХ ғасыр­дағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекше­ліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады», деп дөп басып жазады. Әрине, дамыған елдердің тәжірибесін ескеру қажет. Өйткені тарихи себептермен біздің біршама кенжелегеніміз рас. Десе де озық тәжірибені ендіру барысында белгілі бір сүзгіден өткізбей тұтастай қабылдаудың салдарын жете түсінген жөн. Бұл елек ұлттық бояу һәм рухани құндылық. Бұл тұрғыда кез келген саладағы жас мамандар тарихы алтын әріптермен жазылған ұлы дала ұрпағы екенін ұмытпағаны дұрыс.

Рухани даму бастауында тіл, дін және діл жатыр. Бұл үшеуі – бір-бірімен біте-қайнас­қан біртұтас дүние. Әрбірі аса маңызды элемент. Құдайға шүкір, Қазақ елі керегесі кең, шаңырағы биік мемлекет. Әрине мәңгілік елдің болашағы ұлт тұтастығында екенінде дау жоқ. Осы тұрғыдағы негізгі мәселе ұлтымыздың үш тірегінің шұбарлануы. Әлемдегі тілдер арасында ең бай тіл өкілінің бірі бола тұра өзге тілде сөйлеуге әуестіктің бары өтірік емес.

Рухани қайта түлеу ана тілсіз мүмкін емес. Ұлы ағартушы, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов атамыздың «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген сөзі де соның бір айғағы. Өйткені тіл ұлттың бар құндылығын тасымалдау­шы құрал. Бұл мәселенің әлі де күрмеуі ше­шілмей келе жатқанына бір кінәлі адам болса, ол да – сіз бен біз. Дәлірек айт­қан­да, біздің немқұрайлығымыз. Ұлт­тық дең­гейдегі маңыз­ды мәселеге атүсті қа­рау­ы­мыз. Жана­шырлықтың жоқтығы. Тіл мен дін ел-жұрт болып шешетін мәселе. Қа­­ра­пайым күнделікті қарым-қатынаста бір-бірімізбен қазақша сөйлеспейміз. От­басы дастарқан басында бір тілде сөй­ле­мейінше және бір ша­ңы­рақ астында мұ­сылманшылық жорал­ғы­сы бірдей болмай­ынша, мемлекеттік деңгейде руха­ният мәселесінің шешімін табуы қиын. «Отбасы – шағын мемлекет» деген осы.

Мақаланың «Ұлттық сана» бөлімінде «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деп айтылғандай, қазақы дәстүр сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық рухани құндылығымыз. Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деп жырлағандай, қазақ жастары сол сенімді ақтауы – перзенттің парызы.

Елбасының бұл идеясы – уақыт талабы. Өйткені тәуелсіздік алған жылдары елдің экономикалық жағдайын жақсарту қажет еді. Нарықтық экономикаға қатысты Шығыс пен Батыстың дамыған елдерінің озық үлгілерін пайдалана отырып, экономикалық тұрақты мемлекет болып келеміз. Хәкім Абай үшінші қара сөзінде айтқандай, «...Әрбір жалқау кісі – қорқақ, қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз – қорқақ, мақтанғыш келеді, әрбір мақтаншақ – қорқақ, ақылсыз, надан келеді. Әрбір ақылсыз – надан, арсыз келеді. Әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады». Халқымыз ширек ғасырда экономикалық тұрғыда біршама өсті. Отандық өнімдер мен тауарлар бәсекеге қабілетке ие бола бастады. Ендігі кезек ұлттық идеологияны көтеру. Халықтың мүддесі мен мақсатын бір арнаға салу. Әлеуметтік желідегі қоғамымыздағы түрлі жағымсыз, тіпті арсыз келеңсіз құбылыстар біздің ұлттық және отбасылық тәрбие инс­титутын дамыту және жаппай насихаттау уақыт талабы екенін көрсетуде. Дін саласының қызметкерлері – имамдар рухани жаңғыру аясында жастарды Ислам дінінің ең маңызды Отанды сүю, ата-ананы құрметтеу, елге қызмет ету, ауызбіршілік пен ынтымақ, дін және ұлтаралық татулықты нығайту бағытында өзіндік үлесімізді қосудамыз.  

Төлеби қажы ОСПАН,

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.04.2018

Солтүстік Корея ядролық сынақтарды тоқтататын болды

23.04.2018

Петропавлда Сегіз серінің 200 жылдығына арналған республикалық фестиваль өтті

23.04.2018

Петропавлда салымшыларға 97 мың шаршы метр үй салынады

23.04.2018

Полицей жала жабамын деп бостандығынан айырылды

23.04.2018

Қызылорда облысындағы кәсіпкерлер палатасының мамандары дихандарға тегін кеңес береді

23.04.2018

«Алтын микрофонның» гран-приі Болгарияға кетті

23.04.2018

Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

23.04.2018

Қызылордада IT-парк ашылады

23.04.2018

Добын ауылының тұрғындары тасқын судың астында қалуы мүмкін

23.04.2018

Көпір құрылысына қосымша қаржы қажет

23.04.2018

Лифтілер қызметі қатаң бақылануы тиіс

23.04.2018

Қалдықтарды кәдеге жарату – ауқымды міндет

23.04.2018

Уақытпен үндескен туынды

23.04.2018

Күміс сырын зерттеген Айзада

23.04.2018

Сарайшықтың сыры көп ашылмаған...

23.04.2018

Елордада бес мыңнан аса көшет отырғызылды

23.04.2018

Күйші Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» атты шығармашылық кеші өтті

23.04.2018

Өске­мендегі облыстық Ана мен бала орталығы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылады

23.04.2018

Кәсіпкер Бексейіт Сәрсекбаев

23.04.2018

Жаһан жаңалықтары. Нурмагомедов пен МакГрегор жұдырықтасуы мүмкін

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Тажалға қарсы табанды күрес керек

Ашығын айту керек, есірткі мәселесі біздің елде өте күрделі. Ол небір отба­сының шаңырағын шайқалтып, айық­пас кеселге ұшыратып жатыр. Сондықтан да Елбасы «Таразының бір басында оны әкеліп, тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның  «көмегімен» қор болған есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр» деді.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Оқшауланудан – интеграциялануға

Алдымен мына мәселеге назар аударайық. Өткен жылы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан, Түрікменстан және Қырғызстан елдерінде сапарда болды. Биылғы жылдың наурызында ол Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барды. Душанбе халықаралық әуежайында Ш.Мирзиёевті Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның өзі қарсы алды.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Кісілік әліппесі

Жер бетінде сонау да сонау көз жеткісіз, көңіл сенгісіз небір ықылымдардан бері жасап келе жатқан заты адам баласының ең зарлы мақсаты не десе, ол – адам болу дер едік. Түр-сипатыңмен, тәніңмен ғана емес, жаныңмен, алпыс екі тамырыңдағы қаныңмен, бүкіл болмыс-бітіміңмен. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ауылдарды сақтаудың амалы қайсы?

Ауыл халқы азайып барады. Неге? Ешкім­ге ештеңенің керегі жоқ болып кеткен бүгінгідей заманда ол жағын ойлап бас қатырып жатқан да бірде-бір жан жоқ. Бар айтатын уәждері – урбанизация. Бір есептен ол да дұрыс шығар. Қалаларға қарай жа­қындаса ауыл қазақтары да өркениетті өмір­ге араласады, өзгелермен бірге қазіргі за­ман­­ның игіліктеріне ортақтасады. Бірақ... 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Қайырымдылық көмектің қайыры болады

Табиғат апатына немесе соғыс, қарулы қақтығыс салдарынан күйзеліске ұшырап, аштыққа, босқыншылыққа тап болған елдерге қайырымдылық көмек көрсету – халықаралық қоғамдастықтың игі шарала­ры­ның бірі. БҰҰ-ның Халықаралық соты ондай көмектердің азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек түрінде болуын, қару-жарақ түрінде берілмеуін қатаң бекіткен.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу