Қазақстан • 17 Сәуір, 2018

Ал­матыда Халық­ара­лық экономика, қаржы және энергия конгресі басталды

901 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ал­матыда 13-18 сәуір ара­лы­ғына жоспарланған ІІІ Халық­ара­лық экономика, қаржы және энергия конгресі өз жұмысын бас­тады.

Ал­матыда Халық­ара­лық экономика, қаржы және энергия конгресі басталды

Еске сала кетсек, EFE – Ха­лық­аралық экономика, қаржы жә­не энергия конгресі 2014 жылы бас­талған болатын. 2016 жылы күллі әлемнің білімді де білікті са­рапшылары Қазақстанға жиналып, ғаламдық экономиканың түйткілді мәселелерін талқыға сал­ған-тын. Айтулы жиында Еу­разия әлеміндегі елеулі мәсе­лелер ортаға тасталып, осы сала­дағы белгілі ғалымдар оның ше­шімін тарқатқан еді. Екі жылда бір рет өтетін конгрестің биыл­ғы тақырыбы «Нақты және қар­жы секторындағы геосаяси өзге­ріс­терді түсіну» деп аталады. Кон­грестің мақсаты – әлемнің түк­пір-түкпірінен келген ғалым­дар мен сарапшыларды Еура­зия аумағындағы дамушы ел­дердің нақты және қаржы секторларындағы геосая­си өзгерістер және оның қаржы сек­­торына әсерін зерттеп, ой-пікір алмасуға шақыру. Себебі кәсі­­би сарапшылар мен ғалымдар өз тә­­жі­рибесін, көзқарастарын бөлісу және ортақ мәмілеге келу үшін арнайы алаң құруды көздейді.

Конгреске жиналған ғалымдар энергетикалық саясат және жаһандық даму, Еуразиядағы энер­гетикалық саясат, дамушы елдердің нарық экономикасы, қар­жы нарықтарындағы бәсекелестік пен реттеу, дамушы елдердің экономикалық және қаржылық кемшіліктері, орталық банктердегі және ақша-несие саясатындағы қиындықтар, геосаяси өзгерістер мен дамушы нарықтардың ықпалы секілді маңызды мәселелерді секторлық кеңестер арқылы талқыламақ.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»