Әлем • 18 Сәуір, 2018

Барбара Буш 92 жасында дүние салды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үлкен Джордж Буштың зайыбы Барбара Буш 92 жасында АҚШ-та қайтыс болды.

Барбара Буш 92 жасында дүние салды

Барбара Буш америка президенттерінің анасы әрі зайыбы ретінде алғаш тарихта қалған жан. Соңғы жылдары денсаулығы нашарлап кеткен ол жақында дәрігер көмегінен бас тартып, жақындарымен бірге үйде болғысы келетінін айтқан.

АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымының күйеуі үлкен Джордж Буш 1989-1993 жылдар аралығында президент болды. Ал ұлы кіші Джордж Буш 2 мыңыншы жылы президент сайлауында жеңіске жетіп, 2004 жылы президенттікке қайта сайланған болатын.

«Аяулы анам 92 жасында дүниеден озды. Барбара Буш миллиондаған адамға еркіндік пен махаббат сыйлаған алғашқы леди әрі қайталанбас әйел атанды», - деді кіші Буш.