Қазақстан • 25 Сәуір, 2018

Ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына

30525 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ХХІ  ғасыр – білімділер ғасыры. Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру – мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болуы, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл орайда біз ұлттық ойындарға үлкен көңіл бөліп отырмыз.

Ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына

Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ға­сырлар қойнауында жатыр. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене- шынықтыру ісінің негізін салды. Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пай­даланудың зама­нымызға сай ұр­пақ тәрбиелеуде ора­сан пайдасы тимек. Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады.

Бұл дүниеге қарай ашылған үл­кен жарық терезе іспетті. Осы арқылы балалық балдәурен шақ­та өзін қоршаған орта туралы түсінігі мен дүние­та­нымын қалыптастырады. Ойын де­геніміз – білуге, білімге құш­тар­­­лықты ұшқындататын құрал. Мі­не, мұның бәрі баланың көңі­лін ашатын, оны ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат қақтыратын ғажап ақыл-ой жетекшісі, денсаулық ке­пілі, өмір тынысы. Ұлттық ойын­­дардың мектеп жасына де­йін­гі балаларға лайықтылары бар. Оның ішінде «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақсерек – Көксерек», «Асық», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек» сияқты ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйретеміз. Яғни таңертеңгі қа­­былдау кезінен бастап кешке баланың үйіне қайтуына дейін­гі уақыт аралығындағы күн тәр­­ті­біне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен бір­тұтас сабақтаса жүргізіледі. Сондықтан бағдарлама бойынша арнайы өтетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу көзделген. Ең бастысы, ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын бала санасына құйып, көз алдында көрсете отырып сіңіру оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, бауыр­­малдыққа, қам­қорлыққа бау­лиды.

Балабақшада қазақтың ұлт­тық ойындарын бүлдір­шін­дерге ойнату мен үйретудің негізгі мақсаты балалардың де­не тәрбиесін дұрыс жолға қою­­ға, спорттық шеберліктері мен мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ бұл халқымыздың ерлік-жауынгер­лік тарихын, ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батыр­лардың өмір-өнегесімен та­ныс­тыруға, өз жерін, өз елін қорғай алатын елжанды, ұлт­тық намысы мол жігерлі бүлдір­шіндерді тәрбиелеуге жол ашады. Жас ұрпақты өздігінен бі­лім деңгейін көтеруге үйре­тіп, өзін өзі тәрбиелеуге дағ­ды­лан­­дырады. Сол себепті ден­сау­лықты нығайтуды көз­дей­тін қоз­ғалыс әрекеттері мен дене жат­тығуларының не­гіз­гі түр­лерін балаларға меңгертуде, қызы­ғу­­шылығын қалыптастыруда бағ­дарламаның мазмұнына қарай сергіту жаттығулары ретінде ке­ңінен қолданған абзал.

Гүлбахар ЖАЛҒАСОВА, 
№9 «Бәйтерек» балабақшасының тәрбиешісі

Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы