«Ән – көңілдің» ажары демекші, енді аталған музыкалық аппаратура бар кезде мәдениет үйіне келушілер қатары да арта түсті. Әнмен қоса би билеуге де мүмкіндік туып отыр. Жергілікті тұрғындар осындай керемет музыкалық аспап сатып әперген жерлестеріне дән риза. Өйткені ауылдық жердегі ауыр еңбектен кейін кештетіп ән салғанды жақсы көретін белгородтықтар ара-арасында ауылдық клубта концерт қойып жібереді. Аталған мәдениет үйінің ұжымы жастар мен балаларды көптеп тарту үшін әртүрлі мерекелік шаралар мен шығармашалық концерттер ұйымдастырады. Музыкалық аппаратура міне осындайда керек.
Жалпы ауылдық округте ардагерлердің «Реченка» және жастардың «Ивушка» деген шығармашалық хорлары құрылғандығын айта кету керек. Бұл екі ұжым да ауданда өткен барлық мерекелік шараларға қатысып, өз өнерлерімен көпті тәнті етіп жүр.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы