Отансүйгіштікті, табиғатқа деген қамқорлықты насихаттауды мақсат ететін маңызды шараны Алматы қаласы Медеу ауданының әкімдігі, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Білім басқармасы МҚКМ Жас натуралистер стансасы ұйымдастырып отыр.
Фестивальдің демеушісі, жасыл-желектерді отырғызып, оларды күтумен айналысатын «Грин Ланд» ЖШС директоры Г.Ә. Қалдыбаева «Мақсатымыз – сиреп бара жатқан қызғалдақ түрлеріне деген қамқорлықты, насихатты күшейту, қызғалдақтар мерекесін өткізу арқылы Қызыл кітапқа енген қызғалдақ түрлерін көбейту», деп атап өтті. Қазіргі кезде аталған компания мамандарымен өсірілген 10 мың қызғалдақ Алматы қаласындағы екі саябақта жайқалып тұр.
Ал жабайы және сирек кездесетін өсімдіктер әлемін зерттеумен айналысатын биолог-ғалым А.А. Иващенко фестивальге қатысушыларды өсімдіктерді аялауға шақырды.
– Бүгінде әлемде гүлдің 110-ға тарта түрі кездеседі. Еліміздің бай өлкелі қыраттарында 42 түрі өседі. Өзге елдерде кездеспейтін түрлері Қызыл кітапқа енген. Ал Қазақстаннан көшірілген гүлдің сорттары елу-жүз жыл жасайтын болса, еліміздің табиғаты аясында жайқалған жабайы қызғалдақ түрлері миллиондаған жылдар жайқалып тұра бермек. Сондықтан оларға адамзаттың қамқорлығы аса қажет, – деді ғалым.
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ