Қазақстан • 10 Мамыр, 2018

Құтқару қызметін жекешелендіру тиімсіз

302 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Инвестициялар және даму министрлігі «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорын басымдылық тәртіппен жекешелендіруге жататын республикалық меншіктер тізбесіне енгізді.

Құтқару қызметін жекешелендіру тиімсіз

80 жылдық тарихы бар кәсіп­орын қызметінің негізгі ба­ғыты – қауіпті өндірістік объекті­лер­де құтқару жұмыстарын орындау. Кәсіпорын апаттық деңгейі жо­ға­ры барлық қауіпті өндірістік нысандарға қызмет көрсетеді. Оның 13 филиалы елдің 12 өңі­рін­де орналасқан. Апаттық-құт­қа­ру жұмыстарын орындауға жұ­мылдыру жарияланған кезде кә­сіпорын 2000-нан астам кәсіби құт­қарушыларын жібере алады. Кәсіпорынның материалдық-тех­никалық базасы 4 ауа қысымын тү­сіру тобынан, 5 канаттық-сынақ стансасынан, 19 аттестатталған зерт­ханадан, 5 мамандандырылған оқу орталықтарынан, өндірістік-жөн­деу және жөндеу-механикалық ше­берханаларынан, өрт сөн­дір­гіш­терге қызмет көрсету жөніндегі стан­садан тұрады. Аварияларды жоюға уақтылы шығуды 625 шұ­ғыл өрт сөндіру және арнайы тех­ни­ка бірліктері қамтамасыз ете­ді, олардың 70 пайыздан астамы жо­ғары сапалы. Бөлімшелер 30000-нан астам арнайы жабдықтармен жа­рақтандырылған. Сонымен бірге кадр­лық құрамы, кәсіпорынды жа­рақтандыру күштерін шұғыл жет­кізу және күрделілігі терең тех­ногендік аварияларды жою құ­ралдарымен қамтамасыз ету мүм­кіндігі жоғары.

Кәсіпорын жоғары рентабельді болып табылады, өз кірісі есебінен қар­жыландырылады. 2014-2017 жылдары кәсіпорынның респуб­ли­калық бюджетке салық және бас­қа да міндетті төлемдер ретін­дегі аударылымы 17 млрд тең­гені құрады. Бүгінгі таңда қауіп­ті өндірістік нысандарға 64 жеке авариялық-құтқару қызмет көр­се­туде. Сонымен бірге олардың мате­риалдық-техникалық базасы ава­риялығы жоғары дәрежедегі ны­сандарды тәулік сайын және үздіксіз қызмет көрсету режімінде ұстау үшін жақсартуды қажет етеді.

Біз Үкімет басшысы Б.Сағын­та­ев­тың атына депутаттық сауал жол­дап, осы деректерді көрсете оты­рып, мына мәселелерге назар ау­даруды сұрадық:

Біріншіден, кен және мұнай са­ласындағы аварияларға талдау жа­сау олардың санының жылдан-жылға көбейіп бара жатқанын көр­сетті. Биылғы жылдың наурыз айын­да Ресей Федерациясының Ке­мерово қаласындағы көптеген адам құрбан болған апат халық­тың қауіпсіздігі жөніндегі мәсе­ле мемлекеттік органдар тарапы­нан тыңғылықты және жан-жақ­ты зерттеуді, бақылауды жә­не қада­ғалауды талап ететінін көр­сет­ті;

Екіншіден, қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсетуге мемлекеттік кәсіпорынның жүз пайыздық қатысуы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылатынына кепіл бола алады;

Үшіншіден, бұл кәсіпорын жеке­шелендірген жағдайда қауіп­ті өндірістік объектілерде апат­тық-құтқару жұмыстарын ұйым­да­стырудың жинақталған жүйе­сі­нің тұйықталған циклы бұзылады, мемлекеттің ірі өнеркәсіптік авария­ларды жоюға әртүрлі жеке ава­риялық-құтқару қызметтерді тар­туға мүмкіндігі болмайды.

Төртіншіден, неғұрлым төмен ба­ғамен көрсетілетін қызмет­тер­ді сатып алуға мүдделі «қауіп­ті­лігі жоғарылар» санатына жататын объектілердің тапсы­рыс бе­ру­ші­лері жеткілікті мате­ри­алдық-техникалық базасы және бі­лік­ті мамандары жоқ жеке ава­риялық-құтқару қызметтерімен ша­рт жасайтын болады. Ал бұл қау­іп деңгейін арттыра түсетіні бел­гілі.

Біз осының бәрін көрсете отырып, Үкімет басшысынан қауіпті өндірістік объектілердегі апат­тардың алдын алу және оны жою жөніндегі бірыңғай мемлекеттік қызмет атынан өкілдік ететін осы кәсіпорынды жекешелендіруге жататын мекемелер тізбесінен алып тастауды қарастыруды сұрадық.

Еділ МАМЫТБЕКОВ,

Сенат депутаты