Батыр Жүкембаев WBC Continental Americas чемпиондық атағын жеңіп алды

Канаданың Квебек қаласында өткен бокс кешінде қазақстан­дық кәсіпқой боксшысы Батыр Жүкембаев (13-0, 11 КО) жартылай орта салмақта WBC Continental Americas чемпиондық атағын жеңіп алды.

Егемен Қазақстан
28.05.2018 2550

Отандасымыз Давид Лемье мен Карим Ашур андеркардында аргентиналық боксшы Джонатан Хосе Енизбен жұдырықтасып, қарсыласын жетінші раундта техникалық нокаутпен ұтты. Екі боксшы арасындағы чемпиондық атақ сарапқа салынған жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Дегенмен аргентиналық боксшының қауқары жеті раундқа дейін жетті. Десе де бұл жекпе-жек жерлесімізге оңайға соққан жоқ. Төрт раунд бойы қарсыласынан басым болған Жүкембаев бесінші раунда Ениздің ауыр соққысын өткізіп алып, нокдаунға түсіп қалды. 

Нокдауннан тез ес жиіп алған Батыр Жүкембаев жекпе-жекті қайтадан өз қолына алды. Жетінші раундта отандасымыз қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, Хосе Енизді жекпе-жекті жалғастыра алмайтын халге түсірді. Нәтижесінде төреші кездесуді тоқтатып, чемпион ретінде отандасымыздың қолын көтерді. 27 жастағы Жүкембаев спорттық мансабындағы екінші чемпиондық атағына қол жеткізді. Бұған дейін ол IBO International белдігін иеленген-ді. Осылайша, Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы 13-ші жекпе-жегін өткізіп, 13-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның 11-де қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген. 

Сонымен қатар бұл бокс кешінде екі қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров (6-0, 5 КО) пен Садриддин Ахмедов те (2-0, 2 КО) жұдырықтасты. Сабыров аргентиналық қарсыласын төрешілер шешімі бойынша жеңсе, Ахмедов 34 жастағы тағы бір аргентиналық бокс-
шы Ариэль Алехандро Зампедриді бірінші раундтың орта тұсында нокаутпен ұтты.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.08.2018

Дзюдошы қыздар үш жүлде алуды көздеуде

14.08.2018

Делдалшылар көмір бағасын қолдан жасап отыр

14.08.2018

Астанада «Сергек» камераларының көмегімен 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған

14.08.2018

Құқықтық талапты сақтаса шетел телеарналарына шектеу жоқ - Дәурен Абаев

14.08.2018

БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюын құптайды

14.08.2018

Қорытынды көрсеткіштер көңілге қонымды

14.08.2018

Қара жолдың қасиеті

14.08.2018

Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған көрме-байқауы өтті

14.08.2018

Қажымұқан көтерген тас

14.08.2018

Арал аумағында атқарылар шаруа көп

14.08.2018

«Хрущевкалардан» құтылудың тиімді тетігі

14.08.2018

Оқулық шығаруда олқылықтарға жол берілмеуі қажет

14.08.2018

Байзақ батыр кесенесі

14.08.2018

Жеті айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4% құрады — ҚР ҰЭМ

14.08.2018

Ұлы Абайдың туған күні тұңғыш рет Ташкентте тойланды

14.08.2018

Шәкәрімнің үш анығы

14.08.2018

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар саны өсуде

14.08.2018

Цифрлы қаржы: тез, арзан, тиімді

14.08.2018

Дулат Исабековтің кітапханасы ашылды

14.08.2018

Бекболат Әдетов шыққан белестер

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Халық санының артуы – елге құт

Халық санының артуы Қазақстан сияқты жер көлемі үлкен, халық саны аз мем­лекеттерге ежелден маңызды мәселе­лердің бірі болып келеді. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу