13 Желтоқсан, 2011

Шаңырақтың шаттығы – тәуелсіздік тартуы

389 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Маңғыстауда соңғы жылдары ауыл­ды көркейту, ауылды абаттандыру, ау­ыл­ға білімді жас мамандарды жіберіп, тұ­рақ­тан­дыру жолында қыруар жұмыстар атқа­ры­лып келеді. Бүгінгі таңда өңірдің барлық елді мекендері республика көле­мінде ал­­ғаш болып электр тоғымен, сумен, газбен, байланыс және интернетпен қамтамасыз етілді. Елді мекендердегі әлеуметтік ны­сан­дар салуда жүйелі түр­де жүруде. Содан болар Маң­ғыс­тауда ау­ылдан қалаға емес, қаладан ауылға қо­ныс аударушылар қата­ры көбейіп келеді. Сол ауылдарды одан әрі көркейте түсу үшін кадрлар мәселесін оң шешу жо­лында бес жылдан бері білімді, талант­ты, бірақ оқуға жағдайы келе бер­мейтін ауыл жастарына облыс әкімінің гранты берілуде. Соның негізінде мүжәл­сіз от­ба­­сының жастары білім алып, ауыл­да­ры­мыз жас мамандармен толы­ғып отыр. Цифр тілімен айтсақ бес жылда 780 студент облыс әкімінің грантына ие бо­лып­ты. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қар­са­ңын­да солардың 160-ы жоғары оқу орын­да­рын аяқтап дипломмен ауылға оралған. Бұл дегеніміз жастардың қам­қор­шысы Ел­ба­сы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастама­сы­­мен 2009 жылы өмірге келген «Дипломмен – ауылға» жоба­сы­ның жемісті нәтижесі. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Тәу­елсіздіктің жиырма шыңы» ұраны­мен жұл­дыз­ды жиырма күндік мерекелеу шара­ла­ры аясында «Шаңырақ» аталымы бойын­ша «Дипломмен – ауылға» барған облыс әкімі грантының бір топ иегерлерімен кездесті. Онда ел тәуелсіздігінің ар­қа­сында алдағы уа­­­қытта олардың шаңы­ра­қ­тары шат­­тыққа бөлінетіндігі айтыл­ды. Яғни, аза­маттары­мыз­дың бойында от­ба­сы­лық құн­ды­лықта­р­ды дәріптеуге және оларды жеке тұрғын үй­мен қамта­масыз ету жолында облыс көле­мін­де жасалып жатқан жұмыс­тарға тоқтал­ды. Ауылдық жерлерде құры­лыс қарқынды. Мысалы, тәуелсіздік жыл­дары елімізде ашылған бір­ден-бір Мұнай­лы ауданының жаңа ор­та­лығы Батыр село­сының, Қара­қия ауда­нын­дағы Аппақ село­сының, Бейнеу ауда­нындағы Бейнеу село­сында құ­ры­лыстар жүруде. Оның бәрі бо­лашақ иегері, жас­та­рымыз үшін жасалу­да­ғы игіліктер екені айтылды. Одан соң об­лыс басшысы жас мамандарды Тәуелсіз­дігі­міздің 20 жылды­ғымен құттықтап, ескерткіш сыйлықтар тап­сырды. Өз кезегінде кездесуге келген жастар өздеріне жасалған қамқорлық пен көмек, ата-аналарына сыйланған зор қуаныштың тәуелсіздіктің тартуы екендігін әңгіме­леді. Осындай шат өмір үшін тәуелсіз қазақ елінің Тұңғыш Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевқа, облыс басшы­сы­на ал­ғыс сезімдерін білдіріп, алтын бесігіміз ауылды көркейту жолында күш-жігер жұм­сайтындықтарын жеткізді. Жоламан БОШАЛАҚ, Ақтау.