Көпкүндіктің 136 шақырымға созылған соңғы кезеңі жалпы есептегі жағдайға аса бір өзгеріс әкеле қоймады. 53 ұпай жинаған Дарио Катальдо «Критериум Дю Дофине» бәйгесінің осы кезеңіндегі жеңімпазы атанды. Ал алтыншы кезеңде алдына жан салмай, мәре сызығын бірінші болып қиған «Астананың» тағы бір шабандозы испаниялық Пельо Бильбао екінші орынды иемденді.
Тұтастай алғанда, көпкүндіктің соңғы кезеңі спортшылардың жалпы есептегі орындарына аса қатты өзгеріс әкеле қоймады. Дегенмен көшбасшылар арасында тартыс соңына дейін жалғасты. Нәтижесінде британиялық Герант Томас жеңімпаз атанса, оның отандасы Адам Йейтс екінші орыннан көрініп, франциялық Роман Барде үздік үштікті қорытындылады. Ал «Астана» сапынан үздік нәтижеге Михаэль Вальгрен қол жеткізді. Оның көрсеткіші – 23-орын.
«Егемен-ақпарат»