Аймақтар • 16 Маусым, 2018

Павлодарда 53 мекемені оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде коммуналдық меншіктегі мекемелер қатары азайып, оңтайландыру жүйесі қолға алынуда.

Павлодарда 53 мекемені оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде

Облыстық қаржы басқармасының мәліметінше, қазір өңірде оңтайландырудың картасы әзірленген. Нәтижесінде,жүйе іске қосылса, бюджет қоры үнемделмек. Сондықтан, оңтайландыру жүйесі жан-жақты сараптауды, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қажет етеді

Жалпы, облыстағы коммуналдық меншікте 1386 мекеме бар. Әр басқарма ұсынған 52 мекемеден оңтайландыру бойынша келісім алынған. Коммуналдық меншіктегі «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы» АҚ, Инвестициялар тарту агенттігі, «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, «Ақсу су арнасы», Ақсу «Теплосервис» кәсіпорындары шығынға ұшыраған, жиналған қарыздары 808 миллион теңгеге жеткен. Электронды түрде жүргізілетін есептеулерде мәліметтердің бұрмаланғаны, толық толтырылмағандары, мамандардың сандық жүйені үйренуде сауаттылық деңгейлерінің төмендігі де байқалған.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР