Маңғыстаулық екі мемлекеттік қызметші республикалық байқауда топ жарды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдығы қарсаңында өткен байқау биыл екінші рет өткізіліп отыр. Оған еліміздің әр өңірінен үміткерлер қатысты.

Егемен Қазақстан
20.06.2018 530
2

«Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауына Маңғыстау өңірінен 4 үміткер қатысқан болатын. Олар – Аманғали Нұрдәулетов, Рамир Алекперов, Бауыржан Тұяқов және Ренат Шамуханов.

Айта кету керек, бұған дейін өткен өңірлік комиссия отырысында белгілі болғандай байқауға қатысуға 27 үміткер ниет білдірген. Оның 16 басқарма мен бөлім басшылары болса, 11 – бас мамандар.

Байқау мемлекеттік қызметті насихаттау, оң имиджін қалыптастыру, мәртебесін артыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған.

Еліміз бойынша 20 қатысушы жеңімпаз деп танылса, оның екеуі маңғыстаулықтар. Олар – Бауыржан Тұяқов және Рамир Алекберов.   

32 жастағы шенеунік Бауыржан Тұяқов 2012 жылдың қараша айынан «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымын атқарып келеді. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. Биыл ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Ұлыбританияның Ноттингем университетінде оқып, «мемлекеттік саясат» магистрі атағын алған. Мемлекеттік қызметтегі өтілі 9 жылға жуықтаған. Қазақ, орыс, ағылшын және итальян тілдерінде сөйлейді.

Екінші жеңімпаз Рамир Алекперов 27 жаста. Мемлекеттік қызметте жүргеніне 5 жылға жуықтапты. 2012 жылдың қарашасында «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жұмысқа тұрып, бүгінде бюджеттің атқарылуын үйлестіру және мониторинг бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келеді. Ақтаудағы «Yessenov University» жоғары оқу орнында заңгер мамандығы бойынша білім алған. Орыс, ағылшын, лезгин және әзірбайжан тілдерін  меңгерген.

Республикалық байқаудың жеңімпаздарын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Жанназарова қабылдап, өзінің құттықтау тілегін жеткізді.

-Бұл байқауға өткен жылы Маңғыстаудан бірде-бір мемлекеттік қызметші қатыспаған еді. Ал биыл қызығушылық танытқандар көп болды. Меніңше бұл үрдіс келесі жылы да жалғасып, жерлестеріміз әлі де жақсы нәтижелерге қол жеткізетініне сенімдімін. Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жастар Бауыржан мен Рамир ағаларынан үлгі алып, осындай жеңістерімен қуантып, республикалық деңгейде талай жеңімпаз шығары сөзсіз. Жалпы бұрынғыға қарағанда мемлекеттік қызметке деген қызығушылықтың артқанын байқауға болады, бұл әрине қуантарлық жағдай», - деді департамент басшысы. 

Ал республикалық байқаудың жеңімпаздары болса, өз ісіне адал әрі күнделікті қызметінде өзінің функционалдық міндеттеріне жауапкершілікпен қараған адам оң нәтижеге қол жеткізері сөзсіз дейді. Ең бастысы мемлекеттік қызмет дегеніміз халыққа қызмет, еліңе деген қызмет екендігін жадынан шығармау тиіс екендігін айтады Бауыржан мен Рамир.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу