Турнирдің алғашқы айналымында аустралиялық Ник Кириос британиялық Энди Маррейді 2:6, 7:6, 7:5 есебімен жеңсе, сербиялық Новак Джокович тағы бір аустралиялық теннисші Жон Миллманнан 6:2, 6:1 нәтижесімен басым түсті. Сонымен қатар Григор Димитров (Болгария), Леонардо Майер (Аргентина), Фелисиано Лопес (Испания), Кайл Эдмунд (Британия, Жюльен Беннето (Франция), Адриан Маннарино (Франция) және Милош Раонич (Канада) секілді спортшылар да турнирді жалғастыруға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, былтырдан бері сербиялық теннисші жарақатына байланысты бірнеше ірі турнирге қатысудан бас тартқан еді. Енді міне, араға бір жыл салып, жарақатынан айығып үлкен тенниске қайта оралды.
Дайындаған Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»