8 шілде күні 8.00-де Мұстафа Кемаль Ататүрік даңғылында Драг-рейсингтен Астана қаласының кубогінің 3 кезеңі өтеді.
10.00-12.00 және 17.00-19.00 аралығында «Жерұйық», «Астаналық, «Президенттік», «Студенттік», Астана триатлон саябақтарында «Fitness Park Astana» бағдарламасы бойынша спорттық іс-шаралар (эстафета, қапта секіру,топтық жүгіріс, қақпаға допты тебу, стритбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, маунтинбайк) өтеді.
10:00-де Жастар сарайында «Bravissimo» атты IV халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі болады.
17:00-де Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатрда мажарстандық «Kurazsi» этно-би ансамблі өз концертін ұсынады.
18:00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында «Ән мен Әнші» атты гала-концерті басталады.
20:00-де Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатрда «Кеш жарық, Астана!» Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының концерті өтеді.