Қазақстан • 17 Шілде, 2018

Бейбіт күннің батырларына – 500 мың теңге

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 шілде – Металлургтер күні мере­кесінде Өскеменде өз өмі­­рін қатерге тігіп, қарапайым адам­­дарды құтқарған қара­пай­­ым шығысқазақстандық қай­сар азамат­тарды анықтау мақ­сатында ұйымдастырылған «Ізгі жүрек» сыйлығы табысталды.

Бейбіт күннің батырларына – 500 мың теңге

Өңірдегі ірі өндіріс орны – «Қазцинк» компаниясының ұйытқы болуымен қолға алын­ған шара барысында бейбіт күн­нің батырларына арнайы статуэткамен бірге 500 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Ертістің мұзды суы­нан екі жастағы баласын құтқару үшін суға секірген анасына жәр­демдескен Өскемендегі Тө­тен­ше жағдай бөлімінің өрт ма­шинасының жүргізушісі Виталий Бақтыбаев, өртке оранған үйге балкон арқылы кіріп, зейнеткерге көмек қолын созған электромонтер Павел Качесов, қақаған қаңтар айында су басқан үйден екі бала мен зейнеткерді қауіпсіз жерге жеткізген Глубокое ауданының Прапорщикова ауылының учаскелік инспекторы Руслан Оразаметов аталған сый­лық­тың алғашқы иегерлері атан­ды. «Маған «сыйлыққа үміт­керлердің қатарында сіз де барсыз» деп хабарласқанда сен­бегенім рас. Басына қау­іп төнген тұрғындарға көмектескен азаматтардың бар­лығы қандай марапатқа да лайық деп есептеймін. Осын­дай тағылымды шараны ұй­ымдастырған жандарға ри­за­шы­лығымды білдіремін», – дей­ді «Ізгі жүрек» сыйлығының же­ңім­паздарының бірі Виталий Бақтыбаев.

Сонымен қатар кеншілер ме­р­екесінде Өскемен метал­лу­р­гиялық кешенінің өнді­ріс­тік алаңында Даңқ аллеясы ашылды. «Қазцинк» ЖШС әкімшілік мәсе­ле­­лер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев Даңқ аллеясының ашы­луы қарапайым жұмысшыларға көр­се­тіл­ген құр­мет екендігін, мұнда осында ерен ең­бегімен көз­ге түскен жүздеген қыз­мет­кер­лердің су­рет­тері ілінгенін айтады. 

Азамат ҚАСЫМ, 
«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН