Таным • 02 Тамыз, 2018

Әйгілі музыкант Жәния Әубәкірова «Шет ауданының құрметті азаматы» атанды

346 реткөрсетілді

Атақты пианист, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жәния Әубәкірова әкесінің кіндік қаны тамған Шет ауданына келді. Музыканттың әкесі, тәуелсіз Қазақстанның жетекші экономистерінің бірі, академик Яхия Әубәкіров осы Шет ауданындағы Ақтөбе деген алақандай ауылда дүниеге келген. 

Қазақ музыка өнерінің абыройын асқақтатып, оның бекзат болмысын бүкіл әлемге таныт­қан Жәния Әубәкірованы Шет ауданының азаматтары сән-сал­танатпен қарсы алып, ерекше сый-құрмет көрсетті. Туған жерге сапарының алғашқы қадамын әй­гілі пианист ата-бабасы мәң­гілік тыныс тапқан мекенге барып, олардың рухына тағзым ету­ден бастады. Одан кейін атасы жаз жайлаған «Әубәкір бұлағы» деген жайлауға ат басын тежеп, тұм­са табиғат аясында, ағайын-туыс пен ауылдастарының құрме­тіне бөленді. Тұма бұлақтан су ішіп, ауыл ақсақалдарының ата-бабаның өмірдастаны, туған жер тарихы жайында айтқан әсерлі әңгімелеріне құлақ салды.

Шет ауданының орталығы Ақ­су-Аюлы кентінде Жәния Яхияқызын еңбектеген баладан ең­кейген қарияға дейін тағат­сыз­дана күтіп тұрған еді. Бұлай бола­­тын да жөні бар. Қолға түсе бермейтін қонақ бұл өңірге, ата-бабасының мекеніне бала күнінде бір келгені болмаса, былайғы кезде ат ізін салмаған екен. Кент­тегі мәдениет үйінде өткен кез­десу барысында аудандық мәс­лихаттың шешімімен Жәния Әубә­кіроваға «Шет ауданының құрметті азаматы» атағы салтанатты түрде табыс етілді. Мұн­дай сый-құрметке ерекше тәнті болған қазақтың талантты қызы жерлестеріне басын иіп алғыс айтты. Сахнаның төрінде тұрған фортепьяноға барып, өзінің риза­шылығын музыка тілімен төгіл­дірте жеткізді.

Кездесу барысында Жәния Яхия­қызы жерлестерінің сұрақ­тарына егжей-тегжейлі жауап беріп, өзінің болашаққа деген жос­парларымен бөлісті. Кеш соңында ел ағаларының бірі, Шет ауда­нының қадірменді ақсақалы Боранбай Жұмкин: «Жәния Әубәкірова – бір атаның, болмаса бір ауданның ғана қызы емес, ол – барша қазақтың алақанға салған аяулы қызы» дей келіп, құшағы гүлге толып, жан сарайы ықы­ластың нұрына шомған кеш иесіне ақ батасын берді. 

Өнер иесінің туған жерге тәу етіп келген сапарын оның құр­ме­тіне жайылған ақ дастарқан түйін­деді. Ақ тілек ақтарылып, ыстық ықылас нұр болып құйылған кеште жерлестері Жәниядай қазақтың аяулы қызына бәйгенің алдын бермей жүрген жүйрік ат мінгізді. Бір сөзбен айтқанда, елдің атын шығарған алтын қызға деген ағайынның құрметі ерен болды.

Кеш соңында Жәния Әубә­кі­рова осы игі шараны ұйым­дас­тыруға мұрындық бол­ған қа­дірменді ақсақал Боран­бай Жұм­кинге, осы өңірдің ту­­ма­сы, Мәжіліс депутаты Нұр­лан­ Дулатбековке, белгі­лі­ қа­лам­­­­гер Сәулебек Жәм­ке­новке, Шет­ ауданының әкі­мі Ма­рат Жандәулетовке, аудан­­дық мәс­лихат депутаттарына,­ Ал­тыбай Ыбыраев пен Құрман­ғазы Әмі­ров бастаған барша жер­лес­теріне жүрекжарды алғы­сын жет­кізді. Әлемнің әйдік сахналарында тұрып сый-құрмет пен қошеметтің жеті атасын көр­ген әйгілі музыкант мұның бар­лығының жерлестері жайған құшақ пен пәк пейілінің жанында түкке де тұрмайтынын тебірене айтты.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы,

Шет ауданы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жиһаз қоймасы өртенді

Аймақтар • Бүгін, 15:46

Балуандарымыз бабында екен

Спорт • Бүгін, 09:39

Қазақ даласында 10 жыл ат үстінде

Аймақтар • Бүгін, 09:35

Ән мен дәм

Қоғам • Бүгін, 09:22

Әкенің беделі

Аймақтар • Бүгін, 08:59

Қазақтың алтын қазынасы

Руханият • Бүгін, 08:50

Әлеуметтік саясатқа ден қойды

Қазақстан • Бүгін, 08:35

Мәжілісте күн тәртібі нақтыланды

Парламент • Бүгін, 08:14

Ұқсас жаңалықтар